Қасым Аманжолов өлеңіҚарағандыБір жер бар Қазақстан даласында, Құрбыжан, апарайын, барасың ба

Скачать

Қасым Аманжолов өлеңі

Қарағанды
Бір жер бар Қазақстан даласында,
Құрбыжан, апарайын, барасың ба?
Арқаға Алатаудан ақиықтай
Бір ұшсам, болат топшым, таласың ба!
Ол жердің тоңы алтын, түгі торқа,
Қанша алсаң, қазынасы түспес орта.
Өшпейтін өміріңе от береді
Жігіті Қарағанды, салсаң қолқа.
Қарашы Қарағанды күмбезіне,
Бойлаған мұнарасы күн көзіне.
Құрбыжан, қасиетті ол бір қазына,
Қуантып, тартпас, сірә, кімді өзіне?!

ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля


Скачать


zharar.kz