Хабиба...... Хафиза
ХАБИБА - араб тілінен — жан дос, сүйікті, сүйкімді қыз, әйел. Түрі — Қабиба.
ХАДИША - араб тілінен — шала туған қыз. Түрі - Қадиша.
ХАДИЯ - араб тілінен — сый, тарту. Түрі — Қадия.
ХАЛИДА - араб тілінен — мәңгі бақи, өлмес, ұзақ жасаушы.
ХАЛИЛА - араб тілінен — сүйікті дос, адал жолдас қыз. Түрі — Қалила.
ХАЛИМА - араб тілінен — рахымды, жуас. Түрі — Қалима.
ХАЛИСА - араб тілінен — таза, қоспасыз, адал.
ХАНИФА - араб тілінен — адал, таза, ақ.
ХАТИМА - араб тілінен — жомарт, қайырымды.
ХАТИПА - араб тілінен — уағыздаушы; бата беруші, мақтаушы. Түрі - Қатипа.
ХАФИЗА - араб тілінен — қорғаушы, сақтаушы.
Шара - Шырынгүл
ШАРА – қазақ есімі — көздің ұясы, ойдымы, көздің аумақ көлемі; амал, әдіс, айла.
ШАРАПАТ - араб тілінен алынған шарафат — ізгілік, адамгершілік, жақсылық; абырой, құрмет, даңқ, ізет.
ШАРБАНУ - иран тілінен алынған шахр + бану — ханым, қала бастығы, әкімі; қаланың сұлу бикештері.
ШАФИҒА - араб тілінен алынған — шарапат, мейірім жасаушы, рақымы мол қыз.
ШАХЗАДА - иран тілінен алынған - араб тілінен алынған — шах баласы, қызы.
ШАХИЯ - иран тілінен алынған — шахқа байланысты, шахқа тән; ең жақсы, ең таңдаулы, аса зор.
ШӘКИРА - араб тілінен алынған — алғыс айтушы, кұрметтеуші; мейірбанды, асыл.
ШӘМСИЯ - араб тілінен алынған - күн. Түрі - Шәмшия.
ШӘРБАТ - араб тілінен алынған — жеміс шырыны, суы.
ШӘРИПА - араб тілінен алынған шариф — мейірбан, игі, қасиетті, құдіретті.
ШЕКЕР - иран тілінен алынған шакар — қанттың уақ, майда ұнтағы; ауыспалы мағынасы тәтті құмшекер. Түрі — Секер. Біріккен тұлғалы есімдер — Шекерқан, Секерқан.
ШОЛПАН - қазақ тілінен алынған таңғы жарық жұлдыз.
ШҰҒА - биязы, жұмсақ мата.
ШЫНАР - қазақ тілінен алынған — биік, тау терегі, шынар ағашы; жапырақты зәулім биік ағаш; ауыспалы мағынасы қолжетпес биік, асқақ.
ШЫНАРГҮЛ - шынар ағаш гүлі сияқты әдемі, сұлу.
ШЫРАЙГҮЛ - гүлдей көрікті, әдемі сұлу қыз.
ШЫРЫН - иран тілінен алынған — жеміс нәрі.
ШЫРЫНГҮЛ - тәтті, нәрлі гүл, яғни гүлдей нәзік, әдемі, сұлу.
Ырысалды...... Ырысты
ЫРЫСАЛДЫ - ырыстың, бақыттың алды. Қазақ тұңғыш балаға ырыстың бастауы болсын деп осындай есім берген.
ЫРЫСБАЛА - бақытты, ырысты қыз бала. Синонимдері — Ырысжан, Ырысқан, Ырысқалым.
ЫРЫСТЫ - бақытты, құтты.
Інжү...... Іңкәр
ІНЖҮ – теңіз астынан алынатын түсі ақ, қызғылт немесе сары, кейде қара әдемі тастар; Маржан.
ІҢКӘР - араб тілінен алынған — құмар көңіл, ынтық, аса жақсы көретін ынтызар. Біріккен тұлғалы есім – Іңкәрбала.
Қыз есімдерін қарау