Сабақтың тақырыбы: Түбір және қосымшаның жазылуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Түбiр мен қосымшаның жазылу заңдылықтарын қайталау. Түбiр сөзден қосымшаны айыра отырып, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру;
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, өз ойын жеткiзе бiлу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды мәдениетті қарым – қатынасқа, әдептілікке, тәрбиелеу.
Сабақтағы көрнектіліктер:, жүрекшелер, карточкалар, күн көзі мен бұлт суреті, семантикалық карта.
Сабақтың типі: Өткендi қайталау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдiсi: Топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, Ішіне - сыртына стратегиясы, Венн диаграммасы, семантикалық карта, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сабаққа дайындығын тексеру.
2. Психологиялық дайындық:
Бiз кiмбiз балалар? (Оқушылармыз)
Қандай уәде беремiз?
5 болсын алар бағамыз,
Бiлiмнен бақыт табамыз,
Өнер бiлiм көп оқып,
Өсе берсiн санамыз.
- Балалар, бүгiнгi сабағымызға қонақтар келiп отыр. Конақтарға көрсететін өзiмiздiң бiлiмiмiздi жинақтап алайық, олардың алдында ұятқa қалмайық. Бар бiлiмiмiздi, аянбай көрсетейік.
Интербелсенді тақтамен жұмыс
3. Ой қозғау.
1) Ертегі тыңдау арқылы осы ертегі арқылы Сөз құрамын қайталаймыз.
- Ерте, ерте, ертеде бір Түбір деген шалдың Қосымша деген баласы болыпты. Қосымшаның соңынан ерген екі ұлы болыпты. Олардың біреуі – Жұрнақ, ал екіншісінің аты – Жалғау екен. Жалғау жүрген жерінде сөзбен сөзді байланыстырса, Жұрнақ болса, жүрген жерінде жаңа сөздер жасап жүреді екен.
2)- Балалар, осы ертегіден түсінгенімізді сызбаға салып көрейік.
- Қосымша дегенiмiз не? Мысал келтiр.
- Сөз құpaмына не жатады?
- Қосымша мен түбiр сөздi салыстыр.
- Түбiр сөз дегенiмiз не?
- Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
- Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
4) Көркем жазу.
Бүгінгі күнді және үлгі бойынша жазу.
ІІІ Мағынаны ашу
1) Сөздік диктант. Тақтада ілінген жүрекшелердегі сөздерді сызба бойынша топтап жаз. Ішіне – сыртына бойынша стратегиясы бойынша сөздерді бөліп жаз.
Жұрнақ жалғанған сөздер Жалғау жалғанған сөздер
әдептілік балалар
2) Топтық тапсырма Әр топқа жеке – жеке тапсырма беріледі.
І топ Түбір сөзге тиісті қосымшаны қосып жаз.
Тарақ ----- і
Кәсіп -----ы
күрек ----ы
Қалақ -----і
ІІ топ Берілген түбір сөзден бірнеше туынды сөздер жасап жаз.
Бала -лық,-(қай)
Оқу -лық,-(шы)
------
ІІІ топ Сызба бойынша сөздер тауып жаз.
Түбір + жұрнақ
Түбір +жұрнақ + жалғау
Түбір +жалғау +жалғау
Әр топ басшысы қорытынды жасайды.
3) Оқулықпен жұмыс
3 - жаттығу берілген сөздерге – ы, - і қосымшасын қосып жазып, өзіңе ұнаған сөзбен сөйлем құрап жаз.
Әділдік, жалқаулық, жиек, ибалық. Әділдігі, ибалығы...
Сергіту сәті. Музыкамен жаттығулар орындайды.
4) Мақалды тап ойыны. Мына дөңгелекте бір мақал жазылған. Оны сағат тілінің бағыты бойынша екі әріптен қалдыра отырып оқысаң, мақалды табуға болады. Сонда мақалды қай әріптен бастап оқу керек? Ол қандай мақал? Мақалдың жалғасын тауып, мағынасын түсіндір.
Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
– Қандай жағдайда біз өз әдептілігімізді көрсетеміз?
- Автобуста, дүкенде...
ІІІ Ой толғаныс
1) Интербелсенді тақтамен жұмыс.
Суретпен жұмыс. Сурет бойынша автобус ішіндегі көріністі сахналап көрсетейік.
2) Айбек пен Әлиді салыстырып, Венн диаграммасына түсір.
Қорытынды. Өзіңе не алдың? Өз басыңда осындай жағдай болды ма?
3) Семантикалық карта.
Қосымшалы сөз Түбір +жұрнақ ---- Түбір + жалғау ------Түбір +жұрнақ +жалғау
Өнерпаздар
Құрылысшы
Балалар
Еңбегі
Қайратты
Қарны
ІУ. Қорытынды. Не үйрендім? Жаңадан не алдым? Не ұнады?
У. Бағалау. Менің бағам қандай? Сабақ барысында алған ұпайлар саны жоғары бала күн сәулесін, ал кімде жіберілген 2 ден көп қатесі бар оқушылар жаңбыр тамшысын іледі.
УІ. Үй тапсырмасы Ертегіні жалғастырып көр, 5 - жаттығу 12 бет