Кембридж тәсілі
Сабақтың тақырыбы: Шеңбердің теңдеуі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Координаталық жазықтықта берілген шеңбердің теңдеуімен таныса отырып, шеңбердің теңдеуін және центрін табуды үйрену;
ә) дамытушылығы: Өз бетімен шешім қабылдауға, өзіндік ойын қорытындылай білуге дағдыландыру;
в) тәрбиелілігі: Өз мүмкіндіктерін саралай отырып, ұжымда бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, проблемалық, ЖИГСО әдісі, интерактивті әдіс;
Көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар, жазылған карточкалар, суреттер, кесте, слайдтар;
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу;
ә) Оқушыларды түгендеу;
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
Сыныпты төрт оқушыдан тұратын жанұя топтарға бөле отырып, топ мүшелерін бірден төртке дейін санату.
Жанұя топтар мүшелерінің міндеттерімен таныстыру:
1) Жаңа сабақты меңгеру кезеңінде әр топтың 1 - ші мүшелері 1 - сұраққа, 2 - ші мүшесі 2 - сұраққа, 3 - ші мүшелері 3 - сұраққа және 4 - ші мүшелері 4 - сұраққа жауапты оқулықтан тауып, сұрақтың жауабын өз жанұя тобының мүшелеріне түсіндіреді.
II. Үйге тапсырманы тексеру кезеңі
1 – деңгей. Екі нүктенің арақашықтығын табыңдар:
А(- 1; 4), В(5;- 4) Жауабы: АВ=10
2 – деңгей. Төбелері А(2; 1), В(- 6; 7), С(2;- 2) болатын үшбұрыштың пери метрін табыңдар
Жауабы: P=28
3 – деңгей. Төбелері А(2; 3), В(- 1;- 1), С(3;- 4) болатын үшбұрыштың теңбүйірлі болатынын көрсетіңдер
Жауабы: AB=BC
II. Білімді тексеру кезеңі
1. Екі нүктенің арақашықтығы қалай табылады?
2. Нүктеден координата басына дейінгі қашықтық қалай табылады?
3. Кесінді ортасының координатасы қалай табылады?
IV. Мақсат қою кезеңі
V. Жаңа білімді меңгеру кезеңі (қызығушылықты ояту кезеңі)
ЖИГ СО әдісі (стратегиясы) қолданылады:
Оқушылар 1, 2, 3, 4 - ке санап, жұмыс топтарына бөлінеді. Олар өз тапсырмаларымен таныса отырып, оларды орындайды. Яғни жаңа тақырыпты толық меңгеру үшін оқулықпен жұмыс жасап, тиісті сұрақтарға жауап табады. 1, 2, 3, 4 тер жанұя топтарға бөліне отырып, топ мүшелеріне өз сұрақтарының жауаптарын түсіндіреді және топта талқылайды.