Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, №4 жалпы орта білім беретін мектеп
Шигали Мақпал Ідірқызы
Сабақтың тақырыбы: Трапеция
Сабақтың білімділік мақсаты: Трапеция ұғымымен, оның түрлерімен және элементтерімен таныстыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Трапецияның элементтерін табуға есептер шығаруды үйрету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Саналы, білімді оқушылар тәрбиелеу.
Геометриялық фигураларды дұрыс сала білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сұрақ - жауап, оқыта үйрету
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер арқылы слайд түрінде берілген таблицалар, төртбұрыштардың модельдері
Күтілетін нәтиже: Трапецияның анықтамасын және элементтерін,
түрлерін айыра білулері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеймін және оқушылардың, кластың сабаққа әзірлігін тексеремін.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақтар:
1. Төртбұрыш дегеніміз не?
2. Төртбұрыш неше топқа бөлінеді?
3. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең?
4. Параллелограмм дегеніміз не?
5. Параллелограмның қасиеттері қалай беріледі?
6. Тіктөртбұрыш дегеніміз не?
7. Тіктөртбұрыштың қандай қасиеті бар?
8. Ромб дегеніміз не?
9. Ромбының қандай қасиеті бар?
10. Квадрат дегеніміз не?
11. Фалес теоремасы қалай оқылады?
3. Жаңа сабақ түсіндіру.
Екі қабырғасы параллель болатын дөңес төртбұрыш трапеция деп аталады.
AВСD - трапеция
Үлкен табаны: АD
Кіші табаны: ВС
ВС || AD
(ВС және AD қабырғалары паралель)
AВСD – трапеция
Бүйір қабырғалары:
AВ және СD
(AВ және СD қабырғалары паралель емес)
АВСД трапеция
Биіктігі: ВЕ
ВЕ┴ AD
(ВЕ перпендикуляр АД)
AВСD – трапеция
Диагоналдары:
ВD және АС
О – диагоналдардың қиылысу нүктесі
AВСD – тең бүйірлі трапеция
Бүйір қабырғалары:
АВ = СD
Диагоналдары:
ВD = АС
Табанындағы бұрыштар: