Қарттар мерекесі

Скачать

Қарттар мерекесі.
Құрметті ата - ана балабақша ұжымы 1 - қазан қарттар мерекесімен құттықтаймыз.
Мемлекетімізде осыдан 24 жыл бұрын 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 - қазан қарттар
күні деп есептеуге қаулы шығарды.
Қарттарға қамқорлық - біздің халқымыздың саңасына терең сінген қасиет.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сабырлы саясатының арқасында елімізде
қарттарға қамқорлық жасауда ауқымды шаралар көп деп жасалып жатыр. Қарттары бар
ел - бақытты ел дей отырып Атадан балаға өнеге атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Бүгінгі балабақшамыздың өнегелі, өнерлі үлгілі отбасының аталарын ортаға шақырамыз.
1.
2.
3.

Бүгінгі 1 - қазан қарттар мерекесімен құттықтау сөз балабақша меңгерушісі --------------------- мырзаға беріледі.
Атадан балаға өнеге атты тақырып бойынша аталарымызға 4 - түрлі тапсырма берілген болатын
1 Таныстыру
2 Шебер қол
3 Өнер Ән, ертегі,
4 Бәйге Сұрақ - жауап.

Аталарымызға кезек береміз
1. Таныстыру.

Құзы терең, тең құлашты шалқардай
Ғасырларда сырлар шертіп айтардай
Отырады үй төрінде қомданып,
Аман болшы, аман болшы қарттарым - дей отырып бүгінгі мерекемен құттықтау сөз кезегі балабақшамыздың 2013 жылғы
түлектеріміздің құрметті атасы Аманғали атаға береміз.

Кен даланың қоңыр лебі - үнінде
Дархан елдің даналығы - тілінде.
Тамылжыған табиғаттай табиғи
Ақ батасы атаның немереге -
Дей отырып.
2 - тапсырма
Шебер қол. Үй тапсырмасы.

Ән Балдырған
Сезім, Аида.
Не деген атам қазақ ойшыл адам,
Бұлбұлдай құйқылжытып күй шығарған,
Ауылдың алты ауызын өзі шырқап
Мейманнан дүние емес ән сұраған.
Дей отырып
3 - тапсырма
Өнер. Ән, ертегі

Тақпақ
Мәңгі өшпейтін атақ-даңқ
Жүрегімнің лаулап отын жақты.
Ерлігіңді жалғастырар бақытымын
Сендер ғой маған берген осы бақты - деп
4 - тапсырмаға кезек береміз

Бәйге. Сұрақ - жауап.
1. Тәуелсіздік алған күн қашан? 1991 жыл
2. Ел рәміздері бекіген жыл? 1992 жыл
3. Қай жылы төл теңгелер айналымға шықты 1993 жыл

Бүгінгі берілген 4 - тапсырманы аталарымыз үлкен дайындықпен үздік орындап шықты,
аталарымызға алғыс білдіріп, мадақтау үшін ортаға балабақша меңгерушісін шақырамыз.
Бүгінгі кешті ұйымдастырудағы мақсатымыз Тәрбие тал - бесіктен дегендей жас ұрпақты
үлкенді құрметтеуге, ата салтымызды білуге, бүгінгі аталарымыздың өнерін бағалауға үйрету.
Осымен Атадан балаға өнеге атты бағдарламамыз аяқталды.
Сіздерге ең бірінші денсаулық, бала-шағаларыңыздың қызықтарына тоймай ортасында
Өмір кешулеріңізге тілектеспіз
Сау болыңыздар!


Скачать


zharar.kz