Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы,
Жыңғылды аулы, Есір Айшуақұлы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Тұяқбаева Сәулет Қуатқызы
Тақырыбы: Дене, заттар
Мақсаты: 1. Оқушыларға табиғи және жасанды денелер мен олардың құрамы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Заттарды бір - бірінен қасиеті жағынан ажырата білуге үйрету.
2. Баланың білімін, ой - өрісін танымдылық қабілетін кеңейту. Пәнге қызығушылығын арттыру. Шығармашылыққа баулу.
3. Табиғатты қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы( қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс, сәйкестендіру, түртіп алу, топтастыру). Блум жүйесі.
Пәнаралық байланыс: биология, физика
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым
Еске түсір
Ауа райын нелер құрайды?
А) тәулік, сағат, минут
* Ә) бұлт, жауын, ыстық
Б) жұлдыз, ай күн
Ауа райын қайда бақылайды?
*А) метрологиялық станция
Ә) почтада
Б) мектепте
Ауа райын алдын - ала білу керек пе?
*А) керек
Ә) керек емес
Адам денесінің температурасын қай құралмен өлшейді?
А) су
* Ә) градусник
Б) бөлме
Бал арасы ұясынан шықпай отырса, шыбындар үй мен сарайға тығылса ауа райында қандай өзгеріс болады?
*А) жауын жауады
Ә) ыстық болады
Б) шаң болады
Жұмбақ
Біреуі шықса күркеден,
Біреуі басын бүркеген
Отыз жұп қонағым
Ауыз тиіп күлшеден -
Он екі арба жүктерін
Төртке бөліп тіркеген .
Қылышпен шауып,
Турай алмадым.
Бір шайқап қалып,
Жинай алмадым .