Желтоқсан жаңғырығы
8 - сынып, 9 - сынып
Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді. Осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір - қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Мұғалім сөзі:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке - Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнен барлық қиындықтарын жеңіп әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата - бабаларымыз арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңгі жолындағы еңбегіміз жана берсін! Бүгін біздің 8 - 9 сыныбымызда өткелі отырған Желтоқсан жаңғырығы атты тәрбие сағатымыз, тәуелсіздіктің қайнар көзі болған Желтоқсан құрбандарына арналады, енді ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
Бүгінгі бақытты өміріміз үшін қан төгіп, құрбан болған боздақтарымыз мәңгі есімізде. Тәуелсіздік үшін жанынпида еткен әкелер мен ағалар және де апаларымызға басымызды иеміз!
(1 минут еске аламыз)
Бүгінгі мерекемізді тәуелсіз мемлекетіміздің ән ұранымен бастаймыз!
Қалдықыз апай: желтоқсан оқиғасынан оқушыларға мағлұмат беріп өтеді
Бейне ролик жүріп отырады.
Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта қоймас. Десек те 1986 - ның қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
Түбін білмеген - тексіз дей тұғын қазақтың ғажап сөзі осындайда шықса керек. Себебі тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар арманынан туындап жатқан жоқ па?
Осыдан 28 - жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды.
Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ. Рұсқұлбеков, Е. Сапатаев, Л. Асанова және т. б. апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Қазіргі бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Бұл 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. Енді міне осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апайларымыздың арқасында ата - бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
1986 жылдың 16 – желтоқсанында Республика Орталық Комитетінің 5 - пленумы болды. Небәрі 18 минутқа созылған осы ПленумдареспуликаныширекғасырбойыбасқарыпкелгенДінмұхаммедАхметұлыҚонаевтыңорнына Геннадий Васильевич Колбин тағайындалды.
Кеңес өкіметі өмір сүрген жетпіс жылда Қазақстанды басқарған 21 басшысының 18 - і жоғарыдан күшпен жіберілгендер және басқа да ұлт өкілдері болса, қазақтың үш-ақ басшы болған екен. Олар: Мұхаметәлиев, Шаяхметов, Қонаев.
1986 жылы 17 - желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастарына разылық білдіріп, шеругешықты. Олар: Тәуелсіздік керек, қазақ халқының өз көсемі сайлансын деген тілек білдірді. Оларға желтоқсанның ызғарлы күніне зәбір көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға бұзақылар , ұлтшылдар деген кінә тағайындалды.