Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы
Т.Амандосов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Нургул Жалгасова Кулмановна
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жол ережесімен таныстыру. Жол қауіпсіздігін сақтаудың адамдар өміріндегі маңыздылығын ұғындыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Оқушыларды зейінді, епті болуға, сақтыққа, саналылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, интерактивті тақта, жас инспектор формасы мен таяқшасы, жолда жүру ережелері туралы фотосуреттер.
Сабақтың түрі: сайыс жарыс сабағы.
Енді әділқазылар алқасымен, сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін. Сайыс 6 кезеңнен тұрады.
I кезең: Бағдаршамның шығу тарихы, Тарих тағылымы
II кезең: Жұмбақтар шешейік .
III кезең: Сұрақ – жауап.
IV кезең: Реттеуші инспекторлар қызметі
V кезең: Көше ережелерін білейік
VI кезең: Өнер сайысы
Мұғалім: Құрметті оқушылар, қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі Ережені жаттаймыз, Өмірлерді сақтаймыз! жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі заңды тәртіп -
Ол ортақ
Үлкен – кіші, баршамызға!
Тарих тағылымы .
1 - топ Бағдаршам Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып. 1 - топ бағдаршамның шығу тарихы жайлы баяндайды.
2 - топ. Тарихтан тағылым.
1 – оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Ал, ендеше тыңдап көрелік.
Алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Оны көше қиылысына ыңғайлап қайта жасаған ағылшын инженер – механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.
2 – оқушы: Алдымен түрлі – түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.
3 – оқушы: Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью-Йорк, т. б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.
4 - оқушы: Бағдаршам – өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар.
Менің үш көзім бар.
Бір көзім кідір дейді,
Бір көзім жүгір дейді.
Бір көзім абайла дейді,
Қарап қалма маңайға дейді.
5 - оқушы: Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әманда!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба!
6 - оқушы: Жолдар қиылысында,
Қалтарысып қысылма.
Көлденеңнен жол болса,
Кібіртектеп тоспа оны.
Бос болмаса алайда,
Сақтық жаса абайла.
Қалмас үшін соқтығып,
Ол өткенше тос тұрып.
III – топ. Жол белгілері Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік
II – топ Тарихтан тағылым.
1 - Оқушы Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп – тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды.
2 - Оқушы: Ресейде алғаш жолдарды I Петр салдыра бастаған. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді. Ресейде үш түрлі бағдаршамдар 1920 жылдары іске қосыла бастады. Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды.
3 - Оқушы: Ал, бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127 км ғана жол бар болатын. Елуінші жылдары республикамызда асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км – ден асады.
II – топ Жол белгілері
1 - оқушы: Үйрен таппай тыным бір,
Белгілердің тілін біл.
Егер оны білмесең,
Тартар жолың бұлыңғыр.
2 - оқушы: Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған
3 - оқушы: Есігінен артқы
Көлікке сен мінгін.
Енді есіктен алғы
Түсеріңді білгін.
4 - оқушы: Тоқта, жолдас!
Тоқта, жолдас! Бұзба көше тәртібін,
Өткізе алмай, өміріңнің артығын.
Жүрсің бе сен, қалай - қалай басасың,
Тоқта! Байқа, ойла, қателесесің,
Ал кеп қалды, автобус пен трамвай.
Тоқта, жолдас! Тәртіп бұзба, жүр былай,
Саспа босқа ақтық па да аптық па.
5 - оқушы: Көше заңын білмесең,
Үлкенменен жүр бірге сен.
Олардан кетпе алыстап
Қолдарынан алыстап,
Көше заңын оқи жүр,
Көңіліңе тоқи жүр.
Жасама әсте ағаттық,
Аялдай тұр ағаттық.
II – кезең. Жұмбақтар шешу
III – кезең. Сұрақтарға жауап береміз
1 Жиек жол дегеніміз не? – Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
2 Жаяуға қай жермен жүруге болмайды? – Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
3 Мына белгі нені білдіреді? – Абайла! Балалар!
4 Қала көшелерінде қанша жасқа дейін велосипедпен жүруге болмайды? – Тек 14 жастан кейін ғана рұқсат етіледі.
5 Автобусқа қай есіктен кіріп, қай есіктен түседі? – Артқы есіктен мініп, алдыңғы есіктен түсу керек.
6 Мына көліктер қалай аталады? – Өрт сөндіру, жедел жәрдем.
Жол белгілерін интерактивті тақтадан көрсету.
Ақпараттық – көрсеткіштік белгілер
Ескерту белгілері
Тыйым салатын белгілер
Сервис белгілері
Басымдылық белгілері
Жол таңбалары
Мұғалім:
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың.
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,
Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
Баратын сапардың қашығын, тұрағын,
Үн – түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.
IV кезең. Реттеуші инспекторлар қызметі
V кезең Көше ережелерін білейік
Жол белгілері тобы
1 Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.
2 Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр. Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
3 Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді. Жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
4 Мектепке келе жатқанда, өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл, өткел тар болса, қарсы кездескен үлкен кісіге жол бер.
Бағдаршам тобы
1 Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңа ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
2 Аялдамада тұрған автомобиль, автобус, троллейбустің артқы жағынан айналып өт. Сонда сен келе жатқан машинаны дер кезінде көресің.
3 Тротуармен келе жатып, қақпадан көрінген машинаны байқасаң, өткізіп жібер. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.
4 Жол үстінде ойнама, сырғанақ теппе. Жер тайғақ болса, жолда абайла.
VI кезең Өнер сайысы
Бағдаршам тобы, әннің аты – Бағдаршам
Жол белгілері тобы, әннің аты – Шофер
Қорытынды
Мұғалім:
Қымбатты қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Оқушылар жолда жүру ережесімен таныстырылды. Әр оқушы Менің үйден мектепке дейінгі жолым деген схеманы сызып күнделіктерінің бірінші бетіне салып қойды. Жолда жүру ережелеріне байланысты тәрбие сағаттары өтті. Міне, алдарыңызда оқушылардың салған суреттері, жасаған макеттері. Оқушылар жолда жүру айлығына бір кісідей ат салысты. Олай болса, оқушыларға айтарым, жолда жүру ережесін әрқашан есте сақтап, бұлжытпай орындап, сақ жүріңдер демекпін.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды тәртіп -
Ол ортақ үлкен, кіші, баршамызға!