Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин Өзен
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Өзен өлеңі арқылы табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Өлең жолдарын мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Өзеннің пайдасы, адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеу. Ақынның өмір жолы, шығармаларымен таныстыру.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдістері: Негізгі идеяны суреттеу, ой қозғау, диалогтік, с. т. о. бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, ойындар, тест тапсырмалары.
Күтілетін нәтиже: Бір - біріне, өзіне жылу сыйлайды, ынтымақтастық атмосферасын құра алады. Бұрыннан білетінін еске түсіреді, ынтасы қызығушылығы артады. топтасып өз ойларын ортаға салады, өз - өзіне сенімді болады. Бір - бірін бағалауға дағдыланады.
1 Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларды Ауыл аттарымен арқылы топқа бөлу.
1. Абай ауылы
2. Ыбырай ауылы
3. Ахмет ауылы
2 Өткен тарау бойынша сұрақтар қойылады.
Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді. 1. Абайдың үйін әдемі етіп ұстаған кім? 2. Ер еңбекте сыналады деген сөз қай шығармада айтылған?
3. Тұңғыш ғарышкер кімнің шығармасы?
4. Асау өзен арқырап,
Асқар таудан дүркіреп.
Айдын жатыр жарқырап,
Алды дала бір түлеп – деген өлең шумағы кімнің өлеңінен алынған?
3 Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту. Суретте бейнеленген құбылысты тамашалату
4 Миға шабуыл. Сөзжұмбақты шештіру. Сол арқылы бөлім атын анықтау
Берілген тапсырмалар бойынша сөзжұмбақты шешеді. Бөлімнің атауын табады. 1. Гималай -........
2. Жеміс атауы -..........
3. Суда тіршілік етеді -.........
4. Жәндік -..........
5. Аспан әлемі -.........
6. Киелі құс -..........
7. Жердің беткі қабаты -.......
5 Ой қозғау. Оқушылардың білімдерін білу мақсатында Ыбырай кім? сұрағын қоямын.
6 Ойлан, тап.
Ыбырай сөзіне топтастыру жазады
Әр топ сұрақтарға шапшаң жауап береді
1. Абай кімнің немересі? \Өскенбайдың\
2. Абайдың әжесі кім? \Зере\
3. Абайдың қандай поэмасын білесің? \Ескендір\
4. ҚР тұңғыш президенті кім?\Нұрсұлтан\
7 Оқулықпен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп түсініп оқиды. Сөздіктермен жұмыс жасайды. Сұрақтарға жауап береді.
Толық нұсқасын жүктеу