Үйді жайлы етіп безендіру.
Үйдегі жайлы атмосфера өте маңызды. Жайлы тұрғын үйде демалу, жұмыс жасау қолайлы, өзіңді еркін сезіну мен қатар жаныңа жылылық береді. Үйдің жайлы болуы – қымбат жөндеу жұмысы жүргізілуі немесе ерекше үлгідегі жиһаздарға байланысты емес, үйдің жайлылығы ол – безендірілуі дәл сіздің көңіліңіз қалағандай болуында.
Сіздің үйіңіздегі жайлы етіп көрсететін бірнеше ережелер мыналар:
1. Үйде жайлы атмосфера туғызуда ең маңыздысы – тазалық. Сөрелердегі, едендегі шаң сүртілмесе, жаймалар жуылмаса мұндай үйдің жайлы болуы мүмкін емес.
Көрінген жердегі шаңды тез - тез сүртіп, шашылған қағазды жинап қоя салу жеткіліксіз. Тұрақты тазалау жасаған жөн тіпті қол жетпейтін жерлердегі шаңдарды да сүртіп отыруға тура келеді.
2. Үйде жайлылық туғызу үшін иіс-қоңысқа да назар аудару керек. Асханадан, әжетханадан шығатын жағымсыз иіске жол бермес үшін сорғыш (вытяжка) орнатқан дұрыс. Үйдің табиғи хош иісіне қосымша басқа хош иісті құралдар пайдалануға болады. Ол үшін ауа сергіткіш құралдарды пайдалануға болады немесе эфир майының хош иісі шығатын шамдарды қоюға болады. Жаз мезгілінде жеңіл иістер – теңіз немесе цитрустық иістерге басымдық берілсе қыс мезгілінде ағаш немесе гүлдердің хош иістері бар құралдарды таңдаған дұрыс.
3. Үйдің жайлы болуы үшін ең бастысы – жарықтың мол болуы. Үйдің ішіне күндізгі жарық мол түсуі үшін жұқа перде таңдаған дұрыс. Әр бөлменің дұрыс жарықтандыра білген жөн. Әр бөлменің түсі дұрыс таңдалуы керек негізінен жылы түстерді таңдау орынды (сарғыш, ақшыл сары, қоңыр, көгілдір, жылы жасыл түстер). Үйдің ішкі көрінісі іш пыстырарлықтай емес ерекше көріну үшін ондағы сәндік бұйымдар ашық түсті етіп таңдалады. Мысалы, перде, жұмсақ жиһаз үстіндегі жастықшалар, шамдар мен гүл салғыш құмыралар.
4. Үйдің ішкі көрінісін жайлы болуын қаласаңыз бір стильді ұстанған дұрыс. Кез келген стиль – хай тек, лофт, замануи стиль әрқайсысы өзінше ерекше және жайлы деп атауға болады, егер дұрыс үйлестіре білсеңіз. Ең бастысы әр бөлменің безендірілуі өзіңіздің көңіліңізден шықса болғаны. Интерьер сіздің мінезіңіз бен өмір сүру стильіңізді көрсетеді.
5. Бөлме гүлдері де үйді жайлы етіп көрсетеді. Үйдің ішкі энергетикасына әсер береді. Өсімдіктер адам денсаулығына оң әсер етумен қатар көптеген аурулардың алдын алуға көмектеседі.
6. Үйдің жайлы атмосферасы түрлі жаймаларға да байланысты. Кілемше, жиһаз тысы, түрлі жастықтар, төсек жапқыш, перде, дастархан, сәндік үшін жабатын маталар үйдің ішкі көрінісін анағұрлым сәнді етіп көрсетеді. Сіз мұндай заттарды таңдағанда түсіне мән берумен қатар табиғи матадан жасалған түрлерін таңдаған дұрыс, жақсы күйін ұзақ сақтау үшін үнемі таза болуын бақылап отырған жөн.