Тақырыбы: Сылдырмақ
Балақай 2 - кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Мақсаты: сылдырмақ туралы түсінік беріп, оның дыбыс шығаруының сырын түсіндіру; домалақ пішіндерді жасауды, бірнеше бөліктерді біріктіре білуді, ұнаған түстерін таңдай білуді үйрету, іскерлік, шығармашылық қабілеттерін дамыту; ұқыптылыққа және еңбектене білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал - жабдықтар мен көрнекіліктер: ермексаздан жасалған үлгі, сылдырмақ, қуыршақ Айсана, қолдан жасалған сылдырмақтар, тақтайша, ермексаз, сулық.
Сөздік жұмыс: сылдырлайды.
Билингвальді компонент: сылдырмақ - погремушка.
Мотивациялық қозғаушылық
Қонақтармен сәлемдесу.
Тәрбиеленушілермен бүгінгі ауа - райын айтып әңгімелесу.
Шаттық шеңбер.
Қуан шаттан алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Педагог:
- Балалар, сендерге мен сиқырлы қорапша алып келдім.
- Тыңдаңдаршы өзі сылдырлайды екен.
- Ішінде не бар екен? Қорапшаның ішіндегі сылдырмақтарды
бір - бірден алып балаларға көрсету.
- Бұл не балалар? Өзі сылдырлайды екен. (Сылдырмақты сылдыратып көрсету).
Сөздік жұмыс: сылдырлайды.
- Бұл сылдырмақтың сыры неде? Бұл қалай дыбыс шығарады, зерттеп көрейік. Пластмассадан жасалған ойыншықтың ішіне салынған моншақтарды ашып көрсету, қайта жауып, шайқап, сылдырлату.
Осылай әртүрлі ұсақ заттар салу арқылы дыбыс шығаратынын балаға түсіндіру. Сылдырмақ суреттері арқылы олар әртүрлі пішінде болатындығын айтады.
- Мына сылдырмақтартың пішіні қандай?
- Түсі қандай?
Билингвальді компонент: сылдырмақ - погремушка.
- Сылдырмақ не үшін керек?
- Кімнің үйінде сылдырмақ бар?
- Кімнің үйінде кішкентай іні - қарындастары бар?
Ғажайып сәт:
- Балалар, бізге Айсана деген қуыршақ қонаққа келіпті, оның сылдырмағы сынып қалыпты.
Айсанаға сылдырмақ жасап берсек қайтеді.
Алдымен саусақ жаттығуларын жасап алайық.
Саусақ жаттығуы.
Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Қолға ине ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Біз сылдырмақ жасасақ.
Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:
- ермексаздан қалаған түстерін таңдап алып, жұмсартамыз;
- оны алақанға салып ширатамыз:
- ширатылған ермексазды пышақпен бірдей бірнеше бөліктерге бөлеміз;
- бөліктерді жеке - жеке алақан арасына салып домалақтаймыз.
- домалақтарды бір - біріне қосып, шеңбер тәрізді сылдырмақ пішінін келтіреміз.
Қауіпсіздік ережесі: балалар ермексазбен жұмыс істегенде ауызға салуға, бір - біріне лақтыруға, үстел үстіне жағуға болмайды, тек тақтайшаның үстінде жұмыс жасаймыз.
Тәрбиеленушілердің өз бетінше жұмысы.
Қиналған тәрбиеленушілерге жеке көмек көрсету.
Сергіту сәті:
Тәрбиеленушілер АТК - ның көмегімен сергіту сәтін жасату.
ШҚО, Аягөз қаласы,
№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп КММ
Кіші кешен тәрбиешісі Саменова Мейрамгуль Ариновна
Толық нұсқасын жүктеу