Тұқымнан өсімдіктің көбеюін бақылау

Скачать

Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Аксенова Альфия Ринатқызы

Дүниетану
2 сыныпта дүниетану пәнінен ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: Тұқымнан өсімдіктің көбеюін бақылау. Тәжірибелік жұмыс.
Біздің тәжірибе алаңы кішкентай ғалымдар кездесуі.

Сабақтың мақсаттары мен міндеттері:
1) Білімділік - Өсімдіктің тұқым арқылы көбеюі туралы түсініктерін тереңдету. Оқушылардың өсімдікке қажетті жағдайлар туралы түсініктерін қалыптастыру. Су, топырақ, күн, жылу, ауасыз өсімдіктің өсіп - өне алмайтындығы туралы түсіндіру.
2) Дамытушылығы - Оқушыларды тақырыпты өздігінен оқып, түйін сөзді таба білуге машықтандыру. Құрғақ жемістер мен шырынды жемістерді айыра білуге дағдыландыру.

3) Тәрбиелілігі - Қоршаған ортаны қорғау және сақтауға баули отырып, өсімдік сырын білуге тәрбиелеу. Оқушыларды сенімділікпен жұмыс жасауға, бар ынтасын оқуға беруге, бір - бірінің пікірлерін тыңдауға, құрметтеуге, өз пікірлерін ашық білдіруге тәрбиелеу. Өз беттерінше жұмыс істеуге, еркін сөйлеуге, өз ойларын ел алдында аша білуге ынталандыру. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, көрнекілік, сұрақ – жауап, бақылау, проблемалық, Н. Ә. Назарбаевтің Үш тұғырлы тіл стратегиясының сабақ барысында қолдану, топпен жұмыс, талдау, жинақтау.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек сызбалар, гүлдер, дәндер, гербарийлер, қысқа митражды 3 кино. АКТ, фламастер, мақта, шыны ыдыстар.

Сабақтың түрі: тәжірибелік жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Еңбек, бейнелеу өнері.
Педагогикалық технологиялардың принциптері: Қазір және осы жерде , Еркін таңдау , Тұлғалық әсер ету алаңы .
Қолданған педагогикалық технология: Шалва Амонашвилидің Қарым - қатынас педагогикасы. Шаталовтың Тірек - сызба технологиясы.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру. Рефлексия.
Оқушылармен ағылшын тілінде амандасып, тәжірибелеріне сәттілік тілеу

ІІ. Өткенді қайталау Журналист ойыны.
қолына микрафон ұстаған ұстаз кішкентай ғалымдардың өсімдіктердің тіршілігі туралы білімдерін тексереді
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе. Бақылау күнделігімен жұмыс.
2. Қызығушылық ояту
3. Оқу кинофильмін көру
4. Жаңа тақырыптың мазмұнын ашу.
Тұқымдардың түрлерімен таныстыру. Дәрілік өсімдіктер маңызы
5. Топтық жұмыс.
Тәжірибе қорытындысын кесте арқылы көрсету. Тәжірибе
барысын мазмұндау
ІV. Сергіту сәті Үш тілде сөйлеп үйренейік!
Жемістерді орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде айту
V. Тәжірибе алаңы. Тұқымдарды іріктеу
Ұсақ, ірі, жұмсақ, қатты
VІ. Бекіту. Биолог пікірі
Тәжірибелі ұстаздың оқушылардың жұмысына бағасы
VІІ. Үй жұмысы
Орда орман ағаштары мен шөптері және олардың көбею жолдары атты шығарма жазу
VIII. Бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Рефлексия.
- Cood mornin children!
- Cood mornin Teatger!
- Set doun!

ІІ. Өткенді қайталау. Журналист ойыны.
қолына микрафон ұстаған ұстаз кішкентай ғалымдардың өсімдіктердің тіршілігі туралы білімдерін тексереді
1 - Саламатсыз ба, сіз жеміс ағаштарын атап бере аласыз ба? алма, алмұрт, алхоры, өрік
2 - Мен сізді көргеніме қуаныштымын. Маған бөлме өсімдіктерін күту үшін не керек екенін айтасыз ба? су, жарық, жылу
3 - Сіздің анаңыз жемістерден не істейді? тосап пен шырын
4 - Бақшада нелер өседі? қарбыз, қауын, қияр, қызылша, қызанақ
5 - Сіздің үйде гүлдер бар ма? Атап бересіз бе! кактус, шырмауық
6 - Сіз қандай жемісті ұнатасыз? алманы
7 - Маған ағаштардың атауларын атайсыз ба? Емен, қарағай, шырша
8 - Компотты неден жасайды? жемістерден
9 - Сәбіз жеміс пе жидек пе?
10 - Картоптың жер үсті ме, жер асты бөлігін жиеді ме? жер асты бөлігін пайдаланады
11 - 12 - 2 оқушыға - Сіздер құлпынайдың не екенін білесіздер ме? Жидек
13 - 14 - 2 оқушыға - Біздің Орданың бақшасында апельсин өседі ме? жоқ. Ол ыстық жерлерде ғана өседі
15 - Сен үй өсімдігін үйде не үшін өсіретінін білесің бе? үйдің ауасын тазарту үшін
16 - Дәрілік өсімдіктерді атап бересің бе? түймедақ, итмұрын, алоэ

ІІІ. Бақылау күнделігімен жұмыс.
- Балалар, қазір қай жыл мезгілі? Қыс
- Бүгінгі ауа райы болжамы қандай екенін бізге Азат қазақша бүгін күн шуақ, аяз, солтүстік желі бар. Көркем орысша сегодня ясно, есть мороз и северный ветер. Ерболат Нұрхан ағылшын тілінде айтып береді, ал біздер бақылау күнделіктерімізді ашып жазамыз.
- Балалар, біздің жемістеріміз, жидек пен көкөністеріміз, гүл, ағаштарымыз жер бетінен неге жойылып кетпейді, а? Біз оларды жұлып, жеп жатамыз, шөпті малға шабамыз, жануарлар да оларды жеп жатады. Бірақ жер бетінде өсімдіктер азаймай, керісінше көбейе береді, көбейе береді? Неге екен? оқушылардың пікірлерін тыңдау .
- Бұл сұрақтың жауабын, балалар, Орда геоботаникалық қорықшасының маманы Аққаным апайдан сұрап көрейік.
- Сәлеметсіздер ме, 2б сыныбының жас ғалымдары! Әлемдегі өсімдіктер жер бетінен мүлдем жойылмайды, себебі олар үнемі көбейіп жатады. Біздің Орда орманын болашақ ұрпаққа қалдыру үшін біздер ағаштардың дәндерін жинап, кептіріп, сақтап жерге отырғызамыз. Сөйтіп орман ағаштарының санын көбейтеміз.

2. Қызығушылық ояту Сиқырлы киіз үй
- Қараңдаршы, сиқырға толы киіз үй біздерге бір құпия ашпақшы. Ол қандай сиқыр екен? Қолыма тұрмай өзі жыбырлап түсіп кетпекші. Тезірек ашайықшы өзін. Балалар, мынау не өзі. дәндер ол ненің дәндері екен? А - а - а! Міне осы дәндер арқасында өсімдіктер әлемі жойылмайды екен ғой.

3. Оқу кинофильмін көру
оқушылар кино тамашалайды - Балалар, біздер не көрдік?

4. Жаңа тақырыптың мазмұнын ашу
- Тақтаға назар аударайық! Сендер алманың немесе қарбыздың ішіндегі тұқымын көрдіңдер ме? Көптеген өсімдіктер тұқымнан өседі. Тұқымдар: ұсақ, ірі, жұмсақ, қатты болып келеді. Олардың пішіндері мен түстері болады. Балалар, қарбыздың тұқымынан күнбағыс өсіп шыға ма?
Жоқ, әрине.
Естеріңізде болсын, өрік, алхоры, шие және алшаның тұқымдары сүйек болады.


Скачать


zharar.kz