Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы 1930 - 1932 жылдардағы ашаршылық
Мақсаты:
Білімділігі: Кеңестік саясаттың, асыра сілтеулер әрекеттердің халықты ашаршылыққа ұрындырып, демографиялық ахуалға кері әсерін тигізгенін айта келе, сол жылдардағы халықтың тұрмыс - тіршілігіне, қайғы - қасіретіне баса назар аудару, оның тарихи маңызын ашып, оқушыларға жеткізу.
Дамытушылығы: Тарихи шығармаларды, баспасөз ақпарат құралдарын, деректі фильмдерді пайдалана отырып, халқымыздың тарихындағы ең ауыр трагедиялардың бірі екеніне ерекше көңіл бөліп, ақпараттарды игеру барысында оқушының қосымша құжаттармен жұмыс істей білу дағдысын дамыта өздігінен ізденіп, білімдерін толықтыра білуге мүмкіншілік туғызу.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды нәубат жылдарда жазықсыз жапа шеккен, сол бір қасіретті кезеңдерде қынадай қырылған халықтың өмір жолынан өнеге алуға үйрету, жас ұрпақты ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау жобасы бойынша
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек сызбалар, слайд, суреттер, саяси карта, БАҚ т. б.
Сабақтың жоспары.
І. Қызығушылықты ояту кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау: Ойланайық, пікірлесейік
ІІ. Мағынаны тану.
Ақылдассаң шешерсің топтастыру
Мұғалімнің сөзі:
Деректі фильмнен үзінді.
ІІІ. Ой толғау.
Талпынсаң, табарсың (ВЕНН диаграммасын құру)
Ізденсең, шығарсың шыңға шығармашылық жұмыс.
Қорытынды: Болашақтың айқын жолы
ІV. Бағалау: Бағалау парағын жинап алу.
V. Үйге тапсырма: Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:(Топпен отырғызу, таныстыру, ұраны, сабақтың жоспарымен таныстыру, бағалау парағын тарату).
І. Қызығушылықты ояту кезеңі:
Үй тапсырмасын сұрау: Ойланайық, пікірлесейік
І топ. Тарихшылар: Қазақ хандығына және қазақ халқының басынан өткізген ауыр да азапты кезеңдеріне тарихи сипаттама беріңіздер.
ІІ топ. Демографтар: Қазақ халқының демографиялық ахуалына және қоныстандыру саясаты мен халық санағы туралы сипаттама беріңіздер.
ІІІ топ. Әлеуметтанушылар: Аумалы - төкпелі заманда халықтың әлеуметтік өмірінде қандай өзгерістер болғандығына және ЖЭС пен ауыл шаруашылығымен ұжымдастыру саясатына сипаттама беріңіздер.
Бағалау парағын толтыру.(қосымша деректер, реферат, слайд)
Жаңа сабақ:
ІІ. Мағынаны тану.
Ақылдассаң шешерсің
Ашаршылық ,. Жұт , Нәубетті жылдар дегенімізді қалай түсінесіздер?
(жеке, жұппен, топпен жұмыс, спикер таныстырады) топтастырыңыздар.
Тарихшылар тобы - тарихи тұрғыдан сипаттама беріңіздер.
Демографтар тобы – демографиялық тұрғыдан сипаттама беріңіздер.
Әлеуметтанушылар тобы – әлеуметтік тұрғыдан сипаттама беріңіздер.
(Слайд)
Ашаршылық – саяси - әлеуметтік процестер мен табиғаттағы қолайсыз ахуалдар салдары болып табылатын әлеуметтік апат. бүтін бір аймақтың, халықтардың басына түсетін нәубет. Оның соңы адамдардың жаппай қырылуына алып келіп, халық санын күрт азайуы.
Жұт – табиғи құбылыс (қуаңшылық, жерді көк мұз басуы, құрғақшылық,
өрт, індет, сел, көшкін, топан су, зілзала, боран бұрқасын, дауыл тағы да басқа) салдарынан белгілі бір аймақ тұрғындарының экономикалық күйзеліске ұшырауы
Нәубет жылдары - Адамзат баласы өзінің ұзақ тарихында әр түрлі себептерден: қуаңшылықтан, жұттан, соғыстан, қолдан жасалған дағдарыстар мен күйзелістер халықтың қынадайқырылуы, тарыдай шашырап жан сауғалап басқа елге кетуі, қуғын - сүргінге ұшырап қудалануы. Қыйын - қыстау жылдар.
Бағалау парағын толтыру
Мұғалімнің сөзі: (Слайд)
1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық - Қазақстан тарихындағы ең зұламат кезеңдердің бірі. Иісі алаштың санасынан мәңгі өлмес қасірет. Негізінен жас балалар мен әйелдер қырылғандықтан оның демографиялық. зардабы ауыр болды. Қазақтардың сан жағынан өсуін қатты тежеді. Кейіннен асыра сілтеушіліктің шын мәні “қызыл қырғын”, “голощекиндік геноцид” деген тарихи атқа ие болды. 1932 мешін жылы болған бұл зұлмат 20 - ғасырдағы адамзат баласына қарсы жасалған ең өрескел қылмыстардың бірі және Ұлы жұт болып саналады.
Қазақстандағы 1930 - 1932 жылдардағы ашаршылық. жүктеу