Апта тақырыбы: Ғарышты бағындырғандар
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу және жазу.
Тақырыбы: Ә дыбысы және әрпі
Блок тақырыбы: Мерекелер
Мақсаты:
Білімділігі: Балаларды Ә дыбысы және әрпімен таныстыру. Ә дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Ә дыбысы сөздің басында, ортасында келетінін түсіндіру.
Дамытушылығы: Ә дыбысы бар сөз, сөйлем құратып, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелігі: Адамгершілік қасиеттерін, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Көрнекілігі: акт, суреттер, текшелер
Билингвизм: Әтеш - петух - chicken, Әке - отец - father, Әже - бабушка - grandmother, дәрігер - врач - doctor.
Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Жадыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
Шеңберге тұрып ойын ойнайды.
Ойын: Кім зейінді
Шарты: Балалар өткен дауысты дыбыстарды атағанда қолдарындағы қызыл текшені, дауыссыз дыбыстарды атағанда көк текшені көтереді.
Ойын: Сөз ойла, тез ойла
Шарты: Шеңбер болып тұрып, белгіленген межеге дейін өткен дыбыстарға сөздер ойлап айтып жүру.
Ғажайып сәт:
Түлкі қолтығына әтешті құшақтап келеді.
Тәрбиеші: Ой, түлкі сіз әтешті қайда алып бара жатырсыз?
Түлкі: Мен әтешті ұрлап бара жатырмын.
Тәрбиеші: Ой, балалар әтешті түлкінің ұрлап бара жатқаны ұнай ма?
Балалар: Жоқ, біз әтешті аяп тұрмыз.
Түлкі: Олай болса сендер әтешті менен қорғағыларың келсе, менің тапсырмаларымды орындаңдар. Сонда мен әтешті сендерге жіберемін.
Тәрбиеші: Әрине түлкі ханым біздің балалар сіздің тапсырмаларыңды орындайды.
Түлкі: 1. Әтеш деп айтыңдаршы? Қандай дыбыс естіледі?
2. Әтеш сөзін буынға бөліңдерші?
3. Әтеш пен түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер?
4. Ә дыбысынан басталатын тағы қандай сөздер білесіңдер?
Түлкі: Ой, бәрекелді балалар, сендер қандай білімдісіңдер. Мен енді өз сөзіме тұрып, әтешті босатамын. Әтеш сендермен болсын, мен өз мекеніме барайын. Сау болыңдар, балалар!
Тәрбиеші: Рахмет түлкі, сау бол!
Тәрбиеші: Міне, балалар, түлкі әтешке зиян келтірмей ортамызға қосып кетті. Енді балалар әтеш сөзін бәріміз бірге айтайықшы?
Балалар: Әтеш.
Тәрбиеші: Енді әтеш сөзін буынға бөлейік.
Балалар: Ә - теш
Тәрбиеші: Әтеш сөзінде бастапқы қандай дыбысты естіп тұрсыңдар?
Балалар: (Ә)
Тәрбиеші: - Олай болса біз бүгін Ә дыбысы және әрпімен танысамыз.
Бейне жазба қарау
Тәрбиеші: Ә дыбысы ауыз қуысынан еш кедергісіз шығады. Ә дыбысын созып немесе әндетіп айтсақ болады. Ә - ә - ә - ә.
Соңдықтан да ә дыбысы жіңішке дауысты дыбыс және оны қызыл текшемен белгілейміз.
Тәрбиеші: - Ә дыбысынан басталатын қандай сөз, адам аттарын білеміз?
(Балалар жауаптары тыңдалады)
Ә әрпін ауада жазу.
Ойын: Сиқырлы буын
Шарты: Мен сөздің алғашқы буынын атаймын, сіздер екінші буынын атайсыздар.
Мысалы: Ә - ке Әй - нек Сә - біз Кәм - пит
Ойын: Жоғалған сөздер
Шарты: Суреттің қасында бос текшелер тұрады, балалар соған сәйкестендіріп сөйлем құрайды.
Тіл ұстарту жаттығуы:
Ән - ән - ән, Дән, дән, дән,
Қамба толы дән. Біз айтамыз ән.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
1. Дыбыстық талдау.
2. Ә дыбысынан басталатын сөзді тап
Заттық ойын: Менің орным қайда?
Шарты: Бүгін өткен ә дыбысының орнын анықтайық.
Әтештің шығуы.
Қорытындылау.
Мадақтау. Сұрақ жауап әдіс арқылы сабақта алған білімдерін бекіту.
- Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
- Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
Ә дыбыс қандай дыбыс?
Ә дыбыс сөздің қай жерлерінде кездеседі?
Қандай текшемен белгілейміз?
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Дәрумендер беру.
Атырау қаласы,
№33 Көркемай балабақшасы
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Ересек топ тәрбиешісі Шүйншалиева Дамели Симберкиновна