Игровизорға жазу

Скачать

Тақырып: Л дыбысы және әрпі
Мақсаты:
Білімділік: Л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру.
Дамытушылық: Буын туралы түсініктерін кеңейту, қол қимылын жаттықтыру.
Тәрбиелік: Имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кеспе әріптер, Игровизорға жазу, көк, қызыл түсті текшелер, слайдтар.
Билингвалдық компоненті: Лақ - козленок
Әріп - буква
Алма - яблоко

Мотивациялық - қозғаушы
1. Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме!- деп,
Сәлемдесіп аламыз.

2. Өткен дыбыстарды қайталау.
- Балалар дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
- Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
- Өткен сабақтарда қандай дауысты дыбыстарды өттік?
- Қандай дауыссыз дыбыстарды өттік?

Ұйымдастырушылық - ізденушілік
Жаңа сабақ.
Жұмбақ жасыру:
Тастан тасқа секіреді,
Қалқиып қос құлағы.
Ойын болып көкірегі,
Аула оның тұрағы.
Бұл не? (Лақ)
Қане, балалар, лақ деп айтайықшы.
Лақ – сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
- Л дыбысын бәріміз айтайықшы.
- Қалай айтылып тұр?
- Олай болса, Л - қандай дыбыс?
- Дұрыс, оны қандай түспен белгілейміз?
- Өте жақсы, Л дыбысы сөздің басында, ортасында және аяғында кездеседі.
- Лақ, піл, алма.
Техникамен байланыс:
Л дыбысын бейнетаспадан көрейік.
Сөз ойла, тез ойла ойыны.
Л дыбысы бар сөздер айту.
Сөздерді буынға бөл ойыны.
Гүл, қала, алма, лақ.
Қол жаттықтыру жұмысы.
Лл әрпінің баспа түрін өзім тақтаға жазып көрсетемін.
Ауада жазу. 1 - 2 бала тақтаға жазу.
Топпен жұмыс.
1 топ: Игровизорға жазу.
2 топ: Бархат қағазға жіппен жазу.

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz