Сындарлы оқыту - заман талабыҰстазы талантты болса, Шәкірті талапты болады

Скачать

Сындарлы оқыту - заман талабы

Ұстазы талантты болса,
Шәкірті талапты болады.
(Халық даналығы)

Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қоюда. Соның ішінде, болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау - басты міндеттердің бірі. Қазіргі уақыттағы жаңа педагогика ғылымындағы проблема ол - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Жаңа технологияның әдіс - тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі деп есептеймін. Әр заманның өз ұсынары бар. Қалай болғанда да заман ағымына ілесу - ұлы мұрат. Әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы - ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық. Сондықтан қазіргі заман талабына сай білімнің күші бағаланып, оқу - ағартудың, оның ішінде білімді адамның беделі өсіп келеді. Уақыт талабына сай білімнің дамуы инновациялық үрдістерді енгізумен анықталады. Дәстүрлі оқу әдістерін жаңа тиімді оқыту әдістерімен алмастыру арқылы оқушылардың білім, білік, дағдыларын арттырып, мектептен алған білімін одан әрі қарай дамытуына, өмірде өз біліміне даңғыл жол ашуына, сындарлы оқыту технологиясының әсері көп пайда келтіреді

№ 158 орта мектебі
Ш. Қодаманов ауылы
Кетепова Жаухар

Сындарлы оқыту - заман талабы. жүктеу


Скачать


zharar.kz