ӨЗ ЖҮРЕГІҢНІҢ ҮНІ
(жүректен шыққан жеті сөз)
Жақсылық жасау – айқайлаумен емес, жүректердің үндестігі арқылы келеді.
* * *
Ауруды емдеуге болады-ау, ар жағында түйсігі жоқ жанды айықтыра алмайды екенсің.
* * *
Адам – пенде, өзімшіл де. Әйтсе де өркөкірек өзімшілдік жардан құлатады.
* * *
Кейде ауыр жол адамды шынықтыратын да шығар, шынықтырам деп сынық қылатын да кез болады.
* * *
Кейбіреулер танып тұрып – танығысы келмейді, біліп тұрып – білгісі келмейді. Құдай содан сақтасын.
* * *
Кейде реніштің де шекарасы бар, одан асып кеткен соң опық жейсің...
* * *
Бәрін түсіну – мақсат емес, біліп тұрып түсінбеу – жақсы ат емес.
Әкім Ысқақтың Жүректегі жазулар Күнделік эссесінен
Толық нұсқасын қарау