Физикадан сұрақ

Скачать

Қазақстан тарихы 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: §13 - 14. Ұлы Отан соғысы және физика. Соғыс жылдарындағы стратегиялар мен қару - жарақтар.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушыларды Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихымен таныстыру; соғыстың басталуы туралы мәлімет беру; Қазақстанның соғыс жылдарындағы маңызының артуы туралы білімді тереңдету, қазақстандықтардың жеңіске қосқан майдандағы үлестері туралы мәлімет беру. Кинематика , Динамика тарауларындағы негізгі формулалар мен түсініктерді қайталау. Танымның ғылыми тәсілдерін таныстыру: модельдеу, теориялық анализдеу және эксперименттік жолдар әдісімен.
Дамытушылық:
- алған білімді стандарттық емес жағдайларда пайдалану;
- өзіндік танымдық әрекеттерде құзыреттілікті қалыптастыру;
- оқушыларды тақырып ішіндегі проблеманы табуға және оны шешу жолдарын табуға үйрету; - жаңалықтармен жұмыс жасай білуге баулу: а) жан - жақтан мәлімет алу (анықтамалық әдебиет, тәжірибе) б) сыни тұрғыдан бағалау - пән аралық байланысты орнату;
Тәрбиелік:
- оқушыларды ерлікке, батырлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
- ғажайып өмірді насихаттау;
Сабақтың міндеттері:
- оқушылардың бойында қоршаған ортаға деген көзқарасты қалыптастыру;
- қоршаған ортаны танудағы ғылыми әдіс - тәсілдерді меңгерту;
Сабақтың түрі: cтандартты емес, кіріктірілген сабақ (тарих - физика)
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Проблемалық сұрақ арқылы оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру тәсілдері. СТО элементтері, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, суреттер, тақырыптық сызбалар, үлестірме материалдары, компьютер, проектор
Сабақтың жоспары:
1. Проблемалық сұрақты қою:
Қуатты соғыс техникасын игеруі Қызыл Әскердің Ұлы жеңіске жетуінің бірден - бір себебі болды ма? (2 мин)
Мотивациялық кезең (видео көрініс) – (3 мин)
2. Әрекет кезеңі – (15 - 20 мин)
3. Тәжірибелік кезең - (10 мин)
4. Рефлексия (2 мин)
5. Бағалау кезеңі - (2 мин
6. Үй тапсырмасы –(1мин)
Сабақтың барысы:
Сыныпты 3 топқа бөлу: Барбаросса , Уран , Тайфун
І. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Проблемалық сұрақ қою. (2 мин)
Видео көрініс көрсету. (3 мин)
Кесте арқылы түсіндіру (слайд арқылы):

ІІ. Флипчарт қорғау, топтық жұмыс (Үй жұмысы)
(6 мин)
а) Барбаросса жоспары
1940 ж. 18 желтоқсанда фашистік Германия Барбароссо жоспарын жасады.
Мақсаты:
1. КСРО - ға соғыс ашу.
2. Соғысты 1941 жылдың күзінде аяқтау. Бірнеше рейхкомиссариатқа бөлуді көздеді:
а) Остланд - Белорусь - Балтық
ә) Украина
б) Московия - Ресей
в) Кавказ
г) Орал - Еділ
д) 1942 жылдың басында Еділ - Жайық және Үлкен Түркістан мемлекеттік құрылымдарын құру. Үлкен Түркістан отарының құрамына Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Синьцзян, Ауғанстанның солтүстік бөлігі енгізілді. Ұлы Германия империясы үшін қуатты шикізат және азық - түлік базасын жасау.
3. Кеңес елін отарға айналдырып, халықтарын құлдыққа салу.

б) Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
1. Қазақстандық жауынгерлер
2. Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына бейімдеп, қайта құру
3. Қазақстан - майдан арсеналы
4. Еңбекшілердің тылдағы ерен еңбегі
5. Түркістан легионы
6. Қазақстан аумағына күшпен қоныс аударылған ұлттар

в) Ұлы Отан соғысы жылдарында қару жарақтар
Танк СССР: Т - 34
Танк СССР: ИС - 2 "Иосиф Сталин"
76 - мм дивизиялық пушка 1942 ж - үлгісі
Германия танкісі: "Пантера" (Т - V)
"Аэрокобра"- КСРО қаруы
ТанкT - VI "тигр" – неміс қаруы
Катюша

ІІІ. Кезең. Проблемалық сұрақты физика тұрғысынан қарастыру:
Нысанаға дәл тигізу (15 мин)
Көкжиекке бұрыш жасай бастапқы жылдамдықпен горизонталь
бағытпен лақтыруда: 1) қандай биіктікке көтерілгені 2) лақтырған жерінен жер бетіне түскендегі қашықтығын, 3) оның қанша t уақыт қозғалыста болатындығын табу жолдарын қарастыру.
1. Оқтың ұшуына қандай күштер әсер етеді? (формуласын жаз)
2. Оқтың ұшуында неліктен дауыс толқындары пайда болады?
3. Неғұрлым алысқа атылған оқтың әрекет етуі азаяды, неліктен?
4. Оқ сауытшасындағы газдардың қысымы оқты алға қарай, ал қаруды артқа қарай итереді. Бұл құбылыс қалай аталады? Бұл жағдайда қандай физикалық заң орындалады?
5. АК - 74 М қаруынан горизанталь бағытта тұрып атылған оқтың ұшу ұзақтығын ( Н=1, 6м)., оқтың жылдамдығын 1000м\с анықтаңдар.
6. Шапшаң жылдамдықтағы әскери қару минутына 100 оқ атады. Оның оқшантайына (магазин) 30 шт. патрон сияды. Бір оқшантайдың босап қалу уақытын есептеп шығарыңдар.

IV. Миға шабуыл (10 мин)
Білімде – қиын ұқпассың,
Соғыста – қарап жатпассың! (Суворов)
1. Уран операциясы – картамен жұмыс, мақсаты, нәтижесі.
Физикадан сұрақ: Асқынұзақтыққа атудың мағынасы неде? Яғни қандай бейнемен советтік зеңбірекшілер 120 км ұзақтықты алды?
2. Пантера - Вотан жоспары – картамен жұмыс, мақсаты, нәтижесі.
Физикадан сұрақ: Флаттер дегеніміз не және онымен қандай құбылыстың байланысы бар?
3. Кутузов операциясы – картамен жұмыс, мақсаты, нәтижесі
Физикадан сұрақ: Физика тұрғысынан алғанда Катюша қаруы несімен ерекшеленеді? Алғаш рет қайда және қашан қолданылды? Оны шығаруға қай ғалым мен конструктор үлес қосты?

V. Рефлексия (4 мин)
а) Қуатты армия – қуатты Қазақстан! видео - көрініс
б) Сабақ нысанасына дәл түсті ме? ( Дарц нысананы толтыру, стикермен,)
в) Бағалау
г) Үйге тапсырма беру


Скачать


zharar.kz