Күнделікті сабақ жоспары, география 6 сынып
Тақырыптар:
7 - сабақ. Глобус. Глобустан картаға көшу.
8 - сабақ. Түрлі карталарда меридиандар мен параллельдердің бейнелену ерекшеліктері.
9 - сабақ. Жердің өз білігінен айналуы және оның географиялық мәні.
10 - сабақ. Географиялық картаны жергілікті жердің планымен салыстыру. Картаның маңызы.
11 - сабақ. Сарамандық жұмыс №1
Сабақ: 7
Мерзімі:
Тақырыбы: Глобус. Глобустан картаға көшу.
Мақсаты:
Білімділік: Географиялық ендік, бойлық, координаталық тор деген түсініктерді қалыптастыру. Географиялық координаттарды анықтау жолдарын, әдіс - тәсілдерін үйрету. Глобус, оның маңызы мен глобустан картаға көшіру тәсілдері туралы білім беру.
Дамытушылық: Интербелсенді тақтамен, глобуспен жұмыс істеуді дамыту.
Тәрбиелік: География пәніне деген қызығушылықты ояту, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Құрал - жабдықтар: жергілікті жердің планы картасы, интербелсенді тақта, глобус, дүниежүзінің физикалық картасы.
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
6. Бағалау кезеңі
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. (10 мин)
Шартты белгілерді пайдалана отырып, географиялық диктант алу:
3. Жаңа материалды меңгерту кезеңі (13 мин)
1. Глобус Жердің нақты үлгісі екендігіне оқушылардың көзін жеткізу.
2. Глобустан қажетті нүктелерді табу және өлшеу жұмыстарын жүргізу. Меридиандар, параллельдерді табу.
3. Жер шары бетіндегі географиялық объектілері карта бетіне бұрмаланусыз түспейтіндігі. Ендік, бойлықпен жұмыс істеуді, географиялық координаттарды анықтау жолдарын үйрету.
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі (10 мин)
Төмендегі тапсырмаларды орындау:
- Қазақстан Республикасы қандай жарты шарда және қай ендікте орналасқан?
- Африка материгінің төрт шеткі нүктесін тауып, олардың 4 бағытта орналасуына көз жеткізу.
5. Сабақты қорытындылау кезеңі (7 мин)
Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:
1. Глобус дегеніміз не?
2. Глобустан картаға көшіру жолдары қандай?
3. Ендік, бойлықтың сызбасын тақтаға сызып көрсет.
4. Меридиан, параллель, экватор сызығын глобустан тауып көрсет.
5. Географиялық координаттарды білудің қандай маңызы бар?
6. Бағалау кезеңі (2 мин)
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі (1 мин)
§ 11 - 12 оқу. 29 суретті салып келу. Анықтамаларды жаттау.
Толық нұсқасын қарау