Сабақтың тақырыбы: С. Мұқанов Лашын әңгімесі
Өмір мектебі романынан
Мақсаты:
1. Оқушыларды Сәбит Мұқановтың шығармашылығымен таныстыра отырып, Лашын әңгімесінің мазмұнын түсіндіру, қазақтың ежелгі құсбегілік өнерінің қыр - сырымен таныстыру, үйрету.
2. Оқушыларды ізгілік пен жомарттыққа, табандылық пен алғырлыққа, сезімталдық пен зеректікке, байқағыштыққа тәрбиелеу.
3. Туған өлкенің ұшқан құс, жүгірген аңының қадір - қасиетін бағалай білуге, қазақ халқының құсбегілік, аңшылық дәстүрін жалғастыруға баулу.
Көрнекілігі: С. Мұқанов, М. Әуезов, А. Құнанбаев портреттері, қамшы, дабыл, құс тар суреттері, кітаптар, оқулық, плакат, үлестірме қағаздар.
Сабақ типі: аралас.
Сабақ әдісі: баяндау, салыстыру, сұрақ - жауап,
Өту барысы:
1. Кіріспе. Ұйымдастыру бөлімі;
2. Үй тапсырмасын тексеру;
3. Жаңа сабақ;
а өмірбаяны;
ә Лашын әңгімесі қазақ тілімен байланыс
б құсбегілік, атбегілік өнер туралы;
в Лашынның қаз - үйрек алуы;
г Бір қызық ісім екен сұм жалғанда ...
4. Әртүрлі құстар жайлы өлеңдер;
5. Лашын салу ойыны;
6. Табиғатты қорғау туралы;
7. Бәйге ойыны;
8. Бекіту, қорытындылау, бағалау;
9. Үйге тапсырма;
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу, кезекші хабарламасын тыңдау.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге: М. Әуезовтың Әжемнің әңгімесі берілді. Дәптерге 8, 9 - тапсырманы орындап келу тапсырылған. дәптерлерін тексеру
1 - тапсырма
Сол мүсінде - келбет, дене пішіні,
Сырқаттан құлан таза – мүлде, әбден жазылу
Қылаңданып көрінеді - ақшылданып
Мінез машығы - әдеті, дағдысы
Қан базардай - қалың жиын.
2 - тапсырма
Рең - шырай, бет, жүз.
Бұлдыр күн – өткен күн.
Сүле – ұзақ созылған науқас.
1 – 2 оқушы тапсырмаларды тақтаға орындайды, 1, 2 оқушыдан ауызша сұраймын.
Сабақ айтқан оқушылардан өткен сабақтардан қосымша сұрақ қоямын. Мысалы:
1. І. Жансүгіровтің қандай шығармасын өттік, атақты күйшілерді ата.
2. Сыныптан тыс оқу бойынша қандай көркем әдебиет оқыдың?
3. М. Әуезов кім? Қандай әңгімелерін білесіңдер?
4. Абай кім? Қандай өлеңдерін білесіңдер?
5. Абайдың жабырқау көңілін көтерген ненің күші деп ойлайсың?
6. Халық ауыз әдебиеті бойынша қандай жырлардың аты аталады?
Үлестірме қағаздар беріледі.
Портрет туралы
● 1. Абайдың портреті.
2. Қонаққа келген ақындар кімдер?
● 1. Барластың портреті.
2. Ол бірінші қандай жырды жырлады.
● 1. Қандай тақырып өттік?
2. Абайдың өлеңінен үзінді келтір?
Жаңа сабақ. С. Мұқанов Лашын әңгімесі.
Сонымен, балалар, өткен сабақта еліміздің халқы сүйген ұлы, қазақты күллі әлемге әйгілі еткен Мұхтар аталарыңның әңгімесімен таныстық. Абайдың да сіздер сияқты бала болғанын, өнерді қатты сүйгенін, тіпті жасы13 - ке келсе де анасына еркелейтінін де білдік. Бұл әңгімені, яғни әжесінен әңгіме сұрайтын Абайды әр уақыт есте ұстап, өз әжелеріңнен әңгіме сұрап, көп нәрсе үйрене беріңдер. Бәлкім, күндердің күнінде сіздердің де араларыңыздан дана, көсем адам шықпасына кім кепіл.