Тақырыбы: Жол тәртібін сақтайық!
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жолда жүру ережесімен таныстыра отырып, бағдаршам сигналдарын меңгерту, көшеде дұрыс жүруге үйрету. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, көшедегі мінез - құлығын, өзін - өзі ұстауын, жол ережесіне байланысты сана - сезімін дамыту. Балаларды мейірімділікке, зейінді болуға, өзін - өзі қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жол макеті, жол белгілері, бағдаршам үлгісі, жаяу жүргіншілер жолы, ойыншық машиналар, кітаптар, буклеттер, жол жүру ережесінің белгілері, видео - көрсетілім.
Ұйымдастыру:
Психологиялық дайындық:
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме?- деп
Амандасып аламыз.
Сұрақ - жауап.
- Балалар, ата - анамыз қайда барады?
- Жұмысқа, базарға, көрші ауылға, басқа қалаға барады.
- Олар немен жүреді?
- Көліктер мен.
- Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
- Жер үсті, ауа, су да жүретін көліктер.
- Жер үстінде қандай көліктер жүреді?
- жеңіл көлік, ауыр көлік, велосипед, поезд, трамвай, троллейбус, автобус. Т. б.
- Жолда жүргенде жол жүру ережелерін сақтайсыңдар ма?
- ия.
- Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Үш көзді батыр,
Жолды аңдып жатыр.(бағдаршам)
- Балалар бағдаршам не үшін керек?
- Қандай жол ережелерін білесіңдер?
Педагог:- Көше жүрісінің ережелері туралы әңгімелеп береді.
Адамдар әлі автомобильдерді ойластырмаған кездер болмайды. Ол кезде жұрттың барлығы көшеде атпен және арбамен, кімнің қалай жүргісі келсе, солай жүрді. Осы заманғы қалалардың көшелері жүк және жеңіл машина, автобус, троллейбус, трамвайларға толып кетті. Егер бүгінде жұрттың барлығы жаяу және көлікпен қалай жүргісі келсе, солай жүрсе, көшелерде тәртіпсіздік орнар еді. Осындай жағдайлар болмау үшін, адамдар көше жүрісінің ережелерін - көшелер мен жолдарға арналған заңдарды ойлап тапты.
Машиналар мен жаяу жүргендердің жол қиығындағы жүрісін бағдаршам реттейді. Оның әр түсті жанатын шамы бар. Ол баршаға не істеуді көрсетеді. қызыл жарық жүруге болмайтынын көрсетеді. Сары жарық қазір бағдаршамның өзге жарыққа ауысатынын ескертеді. Жасыл жарық жүруге рұқсат береді.
Қиылыстағы жүрісті бағдаршам емес, реттеуші - полицейлер басқаратын да кез болады. Ол қолының қимылы мен машиналар ағымын тоқтатып, жаяуларды көшеден өтуге шақырады.
Жүргізушілер мен жаяу адамдар өздерінін жолда не күтіп тұрғанын білуі тиіс. Бұл туралы оларға жол белгілері хабарлайды. Олар белгілердің мәнін оңай түсінуге болатынын қарапайым сурет түрінде жасалған. Сақтандыратын - қызыл шеңберлі ұш бұрыш белгісі бар, тыйым салатын белгі - шеңберлер, рұқсат беретін - кез келген пішінді көгілдір белгілер бар.
Мысалы: қызыл шеңберде велосипед болса, велосипед пен жүруге болмайды, егер велосипед көгілдір түсті белгіде болса, онда бұл велосипед пен жүруге болатын жол. Жаяуларға арналған белгілердің барлығы көгілдір түсті болады. Жаяу адамдар көшеден тек сондай белгі бар жерден өтуі тиіс.
Жол жүргенде өзіңе жәрдемдесетін негізгі ережелерді жадымызда сақтауымыз керек.
1. Машина өткеннен кейін ғана жүру керек.
2. Көшеде жаяу жүргіншіге арналған жол немесе жер асты жолынан ғана өт.
3. Жүріс қауіпсіздігіне жүргінші де, жаяу жүргіншіде жауапты!
- Осы ережелерді сақтау үшін біз бағдаршамға сүйенеміз. Олай болса кім бағдаршам туралы тақпақ айтып береді.
1 - бала.
Кел, балалар ойнаңдар
Бағдаршамға қараңдар.
Жанған кезде көздерім,
Ережені бұзбаңдар.
2 - бала.
Үлкен біздің қаламыз
Есте сақтап аламыз.
Қызыл, жасыл, сары шам
Көшеде тұр бағдаршам.
(Балалар экранға қарайды бағдаршамды көреді, жолдан өтіп жатқан адамдар мен машина жүрісі туралы видео - көрсетілім көреді)
- Балалар жол жүру белгілері туралы кім тақпақтар біледі?
1 - бала:- Мен жаяу жүргіншілер тек тротуарлармен жолдың оң қол қанатымен ғана жүруі қажет екенін білемін.
Тротуар жүрер жолы жаяудың,
Желаяқтың жайбасардың баяудың.
Машинаның жолы көше ортасы,
Соны ұмытып кете көрме аяулым.
2 - бала.- Ескерту белгісі.
Үшбұрышты қызыл,
Бояумен көрсең абайла.
Жол басында қауіпті түс
Алдан шығар дегенді
Абайла! Бұл ескерту белгісі.
3 - бала: Тыйым белгісі:
Дөп - дөңгелек қызыл шеңбермін
Көрсем: Тоқта, қане
Деп жар салар,
Тыйым салу мен болам.!
4 - бала. Көрсеткіш белгісі
Дөп - дөңгелек жасыл шеңбермін
Көрсем: Жол ашық!
Мен көлік пен жаяу адам жүрер жолды нұсқаймын!
5 - бала. Анықтама белгісі:
Белгімен көрсетер
Жылдамдық пен бағытты
Ылди мен бұрышты
Қатер мен қауіпті.
Тәрбиешінің қорытынды сөзі: Бағдаршам - біздің досымыз. Ол бізді жол апатынан құтқарады. Ол үшін біз жолда жүру ережелерін сақтауымыз қажет.
1 - бала: Жолдан өтерде тоқтап, жан жағыңа қарап ал.
2 - бала: Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт.
3 - бала: Жолға жақын ойнама! Бұл өте қауіпті.
4 - бала: Жаяу жүргіншілерге арналған жолдардан ғана өт.
5 - бала: Көліктен түскен соң артқы жағынан өту керек.
6. Жолда жүргенде бағдаршамға мұқият қараңдар.
7. Ата-аналарыңсыз жолға шықпаңдар.
8. Жолда доп ойнамаңдар. Жол апаты айтып келмейді.
Жол тәртібін сақтаймыз,
Ел үмітін ақтаймыз! - деп қорытындылау.