Ана сүті – табиғаттың өзі жаратқан керемет өнім. Оның бірегей құрамы баланың қажеттіліктеріне қашан да қанағаттандырады және онда барлық құнарлы заттар бар. Тағамдық қасиеттерінен бөлек ана сүті
Ана сүтін қандай басты компоненттер бірегей етеді?
АҚУЫЗ
Баланың үйлесімді дамуы мен өсуіне жауапты басты компоненттердің бірі – ағазаның жасушалары мен тіндерінің қалыптасуындағы негізгі құрылыс материалы болып табылады. Алғашқы алты айдың ішінде ана сүтінің құрамындағы ақуыздың концентрациясы баланың өсу қарқынын бәсеңдете отырып азайа береді
АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ
Ақуыздың биосинтезіне қатысады, май мен ақуыздың алмасуын белсенді етеді, сонымен қатар басқа да көптеген функцияларды атқарады.
МАЙЛАР
Көптеген гармондар мен дәрумендердің негізін қалаушы, энергияның қайнар көзі болып табылады. Ақылды майлар – полиқанық омега-3 майлы қышқылдары, сонымен қатар олардың туындылары – мидың дамуы мен көру мүшелерінің жетілуіне, иммундық әрекеттің қалыптасуына жақсы әсер етеді.
КӨМІРСУЛАР
Ана сүтінің құрамындағы көмірсулардың 90% астамын лактоза құрайды, ол баланың өсуі үшін аса маңызды энергия көзі болып табылады. Оның үстіне лактоза кальцийдің, темірдің және мырыштың жақсы сіңірілуін қамтамасыз ете отырып, ішектегі микрофлораның сау болып қалыптасуына ықпал етеді, әсіресе бифидобактериялар үшін аса маңызды.
ДӘРУМЕНДЕР МЕН МИНЕРАЛДАР
Ағзадағы ешбір процесс бұл құрамдастарсыз жүрмейді. Күн сайын балаға қарқынды өсу кезеңіндегі қажеттіліктері мен ағзаның барлық мүшелерінің жетілуін қамтамасыз ете алатын дәрумендер мен минералдардың тұтас кешені керек.
ПАЙДАЛЫ БАКТЕРИЯЛАР
Төс сүтінің құрамында ішектегі бактериялық микрофлорасының бактериялық балансын қолдайтын табиғи формадағы пайдалы бактериялардың сан алуан түрі бар.
АНА СҮТІНІҢ ОЛИГОСАХАРИДТЕРІ
Ана сүтінің олигосахаридтері (АСО немесе HMO – human milk oligosacharides) — тек қана ана сүтінің құрамында болатын және иммунитеттің қалыптасуына жауап беретін арнайы биобелсенді байланыстар. Олардың қорғаныс қызметі баланың ағзасына әр түрлі жолмен әсер етеді:
Ана сүтінің ерекше қасиеттерінің қазіргі уақытқа дейін толық зерттелмегендігіне қарамастан оның баланың үйлесімді дамуы мен жетілуіндегі рөліне қандай баға берсек те артық емес. Оның үстіне, емізгеннің пайдасы сәби шақта ғана аяқталып қоймай, ұзақ уақыт бойы жалғасады – төс емген балалар есейген шақта аурушаң болмайды. Демек, баласын бүгін емізген ана – баласының болашағы мен денсаулығына зор үлес қосады.