Тынық мұхит

Скачать

Ақтөбе облысы,Темір ауданы.
География пәні мұғалімі Даумова Анар

Сабақтың тақырыбы: Тынық мұхит
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит – Тынық мұхиттың географиялық орны, зерттелуі, табиғаты, өсімдіктері мен жануарлары туралы тереңірек таныстыру;
Дамытушылық: Өз бетінше жұмыстанып, ізденуге, дүниетанымын кеңейтіп, ой - өрісін дамыту;
Тәрбиелілік: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Талдау, сөзжұмбақ, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Жак Ив Кустоның мұхит зерттеулері туралы бейнесюжеттер.
Пәнаралық байланысы: Экология, биология

Жаңа сабақ:
- Ұйымдастыру.
Тақтаға мұхит тіршілігі туралы бейнесюжет қою арқылы оқушының көңілін сабаққа аудару;
1. Бұл мұхитта әлемдегі ең көне аралдардың бірі Кауай аралы орналасқан. Оның жасы 6 млн жыл.
2. Бұ мұхитта 25 000 нан астам аралдар бар және әлемде болатын цунамидің 80 пайызы осы мұхитта болады.
Үй жұмысын сұрау;
- Алдарыңызда тұрған қандай құрлық?
- Оның шығыс жағалауында дүние жүзіндегі ең үлкен қандай маржандық құрылым орналасқан?
- Не себепті бұл маржандық құрылым осы мұхитта орналасқан?
- Олай болса балалар біздер бүгін, дүние жүзіндегі ең үлкен, ең ежелгі, ең жылы, ең аралдары көп мұхитпен танысамыз.
Жаңа тақырып түсіндіру. Тынық мұхит.
- Географиялық орны.
- Зерттелуі. (Жак Ив Кустоның бейне сюжеттері). Акваланг. Мариана шұңғымасы.
- 1943 жылы Францияда немістердің қоршауында қалған екі француз офицері Жак Ив Кусто мен Эмиль Ганьян аквалангты ойлап тапты. Акваланг сөзінің мағынасы аква су, ланг - жеңіл деген мағына білдіреді. Бірақ қазіргі уақытта акваланг сөзін заманауи дайвер ұғымы ауыстырды.
- Табиғаты. (Отты шеңбер. Гавай аралдары. Тайфундар.) Бейнесюжеттер арқылы көрсету.
- - Өсімдіктері мен жануарлары. (Сөзжұмбақ)
Сөзжұмбақ Тридакна
- Экологиясы. (Су сиырларының жоғалуы. Мұхит байлықтарын ретсіз пайдалану)

Жаңа сабақты бекіту.
1. Географиялық диктант.
Тынық мұхит табиғатын зерттеу тек Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін -------------------------- жартысында басталды. Материктік қайраң ----------- мен ------------------ жағалауларында ғана жақсы дамыған. Тынық мұхит ---------------------- полярлық белдеуден басқа барлық климаттық белдеулерді қамтиды. Солтүстік Мұзды мұхиттың суық суларынан құрлық арқылы бөлініп жатқандықтан, судың температурасы мұхиттың ------------------ қарағанда ------------------------ төмен болады. Еуразия жағалауындағы ---------------------- циркуляция күшті байқалады.
2. Ағыстар. (Атлас картамен жұмыс. Картадан Тынық мұхитының ағыстарын дәптерге түсіріп, олардың жағалаудағы материктерге тигізетін әсерін жазыңыздар)


Скачать


zharar.kz