Қарттар үйінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Қарттарым атты мерекелік концерт өтті
Ардақтайық, құрметтейік қарттарды!
Жүргізуші:
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты ұландар
Жүргізуші:
Армысыз абзал жанды қариялар
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
Қазақ биі
Жүргізуші:
Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Барлықтарыңызды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай №15 орта мектеп ұжымының ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған Ардақтайық, құрметтейік қарттарды! атты мерекелік акциямызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
Добрый день дорогие наши дедушки и бабушки! Добро пожаловать на наш концерт посвященный 25 летиям к Дню незовисимости. Своими силами коллектив средней школы подготовили для вас концерт. Организатором праздника является ученики СШ № 15.
Жүргізуші:
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас - көз бола білген қарт ардагерлеріміздің орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларға мықты денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат тілейміз.
Жүргізуші: Мы от чистого сердца поздравляем всех с этим знаменательным праздником. Желаем вам крепкого здоровья, огромного счастья и благополучия во всем!
Пусть будет сыт всегда ваш дом достатком,
И радостью, и счастьем. И еще –
Во рту у вас всегда пусть будет сладко,
В глазах – бесслезно.
В сердце – горячо.
Жүргізуші: Қарттар – еліміздің асыл қазынасы, даналық пен жомарттылықтың мол қойнауындай. Дәл осындай мереке үстінде біз сіздермен қайта қауышамыз. Бұл мерекенің біздер үшін маңызы да осында. Құрметті қариялар, сіздердің бүгін ортамызда отырғандарыңыз біз үшін үлкен мәртебе, зор қуаныш. Ендеше аяулылыр, ардақтылар сіздерге арналған шағын мерекелік концертімізді қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Вы для нас главное богатство на свете, надежный друг и советчик, неисчерпаемый источник добра и любви. Сердце у вас чистое, как родник, стойкость, как гора, а доброте и мудрости нет предела. Мы отдаем дань уважения, вам и низкий поклон перед вами. Предоставляем вашему вниманию небольшую концертную программу.
Ән:
Жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет
Құрыштан құйған құдірет
Ол кім десек?
Әрине қарттарымыз.
Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше Мен атам мен әжемнің жалғасымын бөліміне құлақ түрелік.
Ән: Әжемнің шәйі
Жүргізуші: Сейчас на сцену приглашаем танцевальный коллектив с зажигательным узбекским танцем.
Жүргізуші:
Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
Ән: Ана туралы жыр орындайтын Сүлейменова Жанұя
Жүргізуші:
Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін.
Халқымыз қуанышты тегіс бүгін
Жауды жаншып, Отанды азат еткен
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін,- деп ақын жырлағандай, біз үшін Жеңіс күніен асқан қымбат мереке жоқ. Иә, содан бері 70 бейбіт жыл артта қалды.
Жүргізуші:
В исполнении Жантауова Гульнур прозвучит песня Катюша
Жүргізуші:
Сан ғасырлар тарихынан кешегі,
Туған жердің шежіресі өседі.
Менің елім, Қазақстан - Отаным,
Болашағы бізбен бірге өседі.
Ән:
Жүргізуші:
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады
Бишілеріміздің орындауында қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Адамдар арасындағы қарым – қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен олардың жекелеген отбасында өркен жаюына яғни баланың ата – анасын жан – жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым – қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты.
Жүргізуші: Қай жерде де ата – анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты қонағы болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата – анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты.
Жүргізуші:
Егеменді ел болып қалыптастық,
Өркениетке нақты анық бастық.
Туған жердің тұғыры биік бол деп,
Шын жүректен ән – жырды сыйға тарттық.
Ән:
Жүргізуші:
Нәсілдерге нәсіп болсын нұрлы күн
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін
Би: ассамблея
Жүргізуші:
Тәуелсіз 25 жыл!
Сенің нұрың сөнбесін,
Ашық аспан жарық күн.
Келешегі сөнбесін,
Қазақ деген халықтын!
жүргізуші:
Тәуелсіз 25 жыл!
Күн болды бұл керемет,
Ақ түйенің қарны жарылған.
Ел болдық, шүкір не керек,
Әлемге аты танылған!
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным
Жүргізуші:
Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм - тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Жүргізуші:
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз - бірлік бола берсін
Тап - таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін
деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Дендеріңізге саулық тілейміз. Келесі кездескенше аман - сау болыңыздар.
Жүргізуші:
До новых встреч, пришла пора прощаться,
Мы говорим вам с грустью и тоской!
До новых встреч, до скорого свиданья
Подарит Бог вам радость и покой!
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
№15 орта мектептің география пәнінің мұғалімі
Қалиева Жанар Алдамжарқызы