Сабақтың тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару.
Сабақтың мақсаты: Есепті теңдеу құру арқылы шығару тақырыбынан алған білімдерін пысықтау, бекіту.
Дамытушылығы: тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін пайдалана білуін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Тапқырлыққа, шығармашылықпен жұмыс жасауға, ізденімпаздыққа, егеменді елімізді қасиеттеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ғажайып алаң ойыны.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Бүгінгі сабақтың мақсатын түсіндіру.
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Сын тұрғысынан ойлау әдісі арқылы жұмбақтар шешіп, алған білімімізді көрсетеміз, толықтырамыз.
- Ғажайып алаң ойыны арқылы мына сандардың тапсырмаларына толық жауап береміз. Сабағымыз 9 бөлімнен тұрады.
Ғажайып алаңды айналдыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Әр қатардан 1 оқушы оқыту.
158 040
238 049
4680
12091
82 527
190 424
8016
176
Ғажайып алаңды айналдырамыз.
Келесі тапсырма Ойлан, тап! Жұмбақ өлең.
Келеді ұшып екі қарға,
Топ достарын ертіп талға.
Болды елу әлгі жиын,
Санағанда демей қиын.
Болмаңыздар әбігер
Табылар емі бәрі бір
Айтар есеп шартын кім
Теңдеу құру тәртібін?
Жауабы: 2+х=50
Х=50 - 2
Х=48
2+48=50
50=50
Сонымен, балалар, біз өткен тақырыпта алған білімдерімізді ары қарай пысықтаймыз.
Ғажайып алаң айналдырылады. Келесі тапсырма оқулықпен жұмыс 1 - 2 тапсырмаларды орындау.
1 - тапсырманы 1 оқушыға оқыту. Келесі тапсырма оқулықпен жұмыс 1 - 2 тапсырмаларды орындау.
Р=(Х см + 7см) 2
Р= Хсм + 7см+ 7см+ Хсм
Р =Х см 2+ 7см 2
Р=7см + Хсм
2 - тапсырма оқытылып, талданады.
Ш: 28 - 6=22 жас
х+6=28
х=28 - 6
х=22
22+6=28
28=28
Есептің шығару тәсілдері салыстырылады.
Ғажайып алаң айналдырылады. Оқулықтағы 4 - 5 тапсырмаларды орындау.
3 - тапсырма оқылып, талданады. Теңдеуді тақтаға жазғызу.
х 3 = 12: 2
х 3 =6
х=6: 3
х=2
2 3 =12 2
6=6
4 - тапсырма Өзіндік жұмыс . Оқушылар дәптерлеріне орындайды. 1 оқушыға оқыту, балаларға дәлелдету.
Ғажайып алаң айналдырылады. Кім тапқыр Жұмбақ есеп.
Екі бала 5м сек жылдамдықпен бір – біріне қарама – қарсы жүгірді. Егер жолдың ұзындығы 100 м болса, олар неше секундтан кейін кездеседі? Теңдеу құр.
Ғажайып алаң айналдырылады. Оқулықтағы 7 - 8 тапсырмаларды орындау. Кесте бойынша есептер құрастырылады. Жылдамдық, Уақыт, Қашықтықты табу ережелері еске түсіріледі.
8 - тапсырма. Ауызша орындалады.
a) Екі санның көбейтіндісінің мәні 7005-ке тең. Көбейткіштердің біреуін 5 есе арттырса? Көбейтіндінің мәні қалай өзгереді? 5 есе кемітсе ше?
b) Екі санның қосындысының мәні 7005-ке тең. Қосылғыштардың біреуін 5-ке арттырса, қосындының мәні қалай өзгереді? 5-ке кемітсе ше?
Ғажайып алаң айналдырылады. Логикалық есеп.
Белгісіз санды тап.
Х+5=2004 - 13
Х+5=1991
Х=1991 - 5
Х=1986
1986+5=2004 - 13
Тақтадан осы сандар көрсетіледі.
1986ж. ----- 1991ж.-------- 2004ж.-------- 15 жыл.
- Балалар, осы сандар нені білдіреді? Деп сұрақ қою арқылы әр жылдың ерекшелігін айтқызу. Сол жылдарда болған өзгеріс, оқиғаларды айтқызу.
- Тәуелсіз егеменді елімізге – 15 жыл толып отырғанын әңгімелеу;
- Тәуелсіздік жайында білетін өлеңдерін айтқызу;
Ғажайып алаң айналдырылады;
Қорытынды.
Не үйрендік, нені білдік стратегиясы бойынша оқушылар қорытындылайды.
Бүгінгі сабақта периметрді табудың әр түрлі тәсілдерін өрнек түрінде, есепті теңдеу құру арқылы есептер және ауданды табу, жылдамдық, уақыт қашықтықты таптық.
Жұмбақ есептер шығардық.
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, мадақтау.
Үйге тапсырма:
9 тапсырма.
Сабақтың соңы.