Жұмбақ жасыру

Скачать

Орал қаласы, Казталов ауданы,
Нұрбалапан бөбекжай балабақша тәрбиешісі
Аяп Гаухар Досболатқызы

Тақырыбы: Мысық (сіріңке қораптарынан)
Білім беру салалары: Таным
Бөлімдері: Құрастыру
Мақсаты: Балаларға сіріңке қораптарынан пайдалану арқылы мысықтың бейнесін жасауға үйрету, желімдеу, қағазды қиып жапсыру дағдыларын бекіту, ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: сіріңке қораптарынан жасалынған тағы басқа бейнелер жасап көрсетеді.
Әдіс - тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Қажетті көрнекі құралдар: сіріңкенің қорабы, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы.
Қостілдік компонент билингвальный : Мысық – кот – саt. Марғау - котенок.

Іс - әрекет кезеңдері
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.

Ұйымдастыру - шылық ізденіс кезеңі
- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сол жұмбақтың шешімін тапсаңдар, мен сендерге ертегі айтып беремін.
Жұмбақ жасыру.
Өзі жап - жас, мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйде,
Түкті тоны шұп - шұбар.
Ол не?
Ерте, ерте, ертеде... Алыс, алыс өлкеде Ақмамық деген мысық өмір сүріпті, ол сондай аппақ, әдемі, сүйкімді болыпты, бірақ оның достары болмапты. Ақмамық бір күні терезе алдында отырып даладан тату ойнап жүрген өзі сияқты мысықтар тобын көреді де, Ақмамықта өзіне дос іздейді. Өзіне достар іздеп көп жерлерге барады, кішкентай балалардан көмек сұрайды, сөйтіп жүріп, Ақбота деген балабақшаға барады, бірақ олар оған көмектесе алмады. Балалар, Ақмамық енді сендерден көмек сұрап бүгін бізге келіпті:
- Балалар, Ақмамыққа көмектесеміз бе?


Скачать


zharar.kz