Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы Мақсаты

Скачать

Тақырыбы: Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы
Мақсаты: Кеш жас ұрпақты елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге үйрету, адамгершілік, патриоттық сезімдерді қалыптастыру арқылы Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеу мақсатында өткізіледі. Отан, туған ел, туған тіл туралы өлеңдер айту.
Көрнекілігі: Слайд, буклет, бейнетаспа Желтоқсан желі бейне фильм
Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар Біздің сыныбымыздың “Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы” атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын - қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.
“Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы” атты ашық тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Міне содан бері 22 жыл!

Би: Қазақ биі .
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық. Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.
Тәуелсіздікке арналған оқушылар өлеңдерін оқиды.

Өсер елдің қай сәттерде бірлік болмақ қалауы
Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей ар - намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы. (Таңатарова Алтынай)

Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді
Бізге оны ешкім аяп бермеді,
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың
Тас көшеде тас – талқан боп өлгені (Асанова Гүлжауар)

Жеттік, міне, осы күнге көптен бері аңсаған
Ата – баба ұрпақ үшін көп қуатын жұмсаған
Осы күндер құрбан етті талай қазақ жандарын
Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын (Алпамысова Гүлжайна)


Скачать


zharar.kz