Тәрбие сағат тақырыбы: Ана – өмірдің шуағы
Мақсаты: Оқушыларға 8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінік беру, аналарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу арқылы ойлау қабілеттерін, сана сезімдерін арттыру.
Мұғалім: Гүл қыздарымызды, аяулы аналарымызды, ардақты әжелерімізді тағы да, 8 наурыз төл мерекелерімен құттықтаймын. Иә, балалар аналар да үйде ас пісіріп, кір жуып, үй жинап қана қоймайды. Олар ел жайын ойлайды. Дина сияқты күйші, Шара сияқты биші, Сара сияқты ақын, Әлия мен Мәншүк батыр апаларың қаншама. Бүгінгі таңда аналар атқармайтын жұмыс кем де кем. Соның ішінде өздерің білетін аналардың мамандығын айтыңдаршы.
- Ана – тәрбиеші, ана - тігінші, ана – сауыншы...
- Міне, балалар, ана жалғыз ана емес, ол – жан - жақты дана екен.
Бала үшін мен ардақты анамын,
Отан үшін мен де бір қыз баламын.
Ортасында от жүректі лаулатып,
Жалындаған жырға айналып барамын – деп, қолына қалам ұстап, болашақтың жайын ойлап жүргендері қаншама.
Көрініс: Мереке алдындағы жағдай.
Бай: (Данияр) Көктем, көктем тіршіліктің көзі деген рас екен - ау, ал тіршілік табыстың өзі екен.
Ана: (Ақбота) Аман - есен келдің бе, әйтеуір. Ақша табамын деп жүріп, бала-шағаңды ұмытып кетпесең болғаны.
Ұлы: (Азамат) Әке, ассалаумағалейкум! Маған бәтеңке әкелдіңіз бе, өткенде айтып едім ғой, қараңызшы аяғым жыртылып қалды.
Бай: Көрдім, көрдім кішкене шыдай тұр, міне көктем шықты жазда жалаң аяқ жүруге болады
Қызы: (Жұлдызай) Әке, маған күртке керек.
Бай: Мектепке барғанда бір - ақ аласың, әйтпесе ескіріп не қысқарып қалады.
Ана: Қашан сенің бар дейтін кезің болады екен?
Алдар: Ай, жеңеше сізге не болды?
Ана: Не болсын, әлгі Шықбермес басқаны қойғанда, өз балаларына да татыратын емес. Байыған сайын пейілі тарылып барады.
Алдар: Меркенің алдында жарқылдап жүрудің орнына бұл қалай, қой ренжіме, жүр үйге, мен қазір бәрін реттеймін.
- Асалаумағалейкум, байеке!
Бай: Уағалекймассалам!
Алдар: Көңіл - күйіңіз жақсы екен, табысыңыз да жаман болмас?
Бай: (Әрине, әрине деп жағасын көтеріп қойып көңілді әнге салады)
Менен асқан жұмыстың,
Көзін білер бай бар ма?
Мыңғырған мал қорада.
Дүниесі сай бар ма.
Алдар: тоқта, тоқта,
Өтірікті соқпа.
Жайсаң мінез жайдары,
Жомарт байлар жоқ па?
Бай: Менен асқан пайдасын,
Білетіндей бай бар ма,
Түрі - түсі, бой көркі,
Келбетіңе сай бар ма?
Алдар: Тоқта, тоқта,
Өтірікті соқпа.
Сенен өткен тұлғалы,
Сұлу байлар жоқ па.
Бай: Теңге қалай жасаудың
Жолын өзім білемін.
Ақша толы қалтамда,
Көңілденіп жүремін.
Алдар: Тоқта, тоқта,
Өтірікті соқпа.
Бар болса да жоқ дейтін,
Сараңдығың жоқ па?
Бай: Жетер енді! Түріңе қарамай маған сын айтатын кімсің өзің?
Алдар: Сен осы заманның шық бермес Шығайбайы болсаң, мен айлакер Алдармын.
Бай: Болсаң болыпсың да, неге мені сараң деп балаларымның алдында беделімді түсіресің, ел естісе сеніп қалмай ма а?
Алдар: Сараң екенің, қатты екенің өтірік пе?
Бай: Өтірік!
Алдар: Бәстесейік
Бай: қаншаға?
Алдар: Бір теңге.
Бай: Бір теңге? Келістік
Алдар: Сенің сараңдығың сонша, бір адамға қарыз бере алмайсың ғой.
Бай: Кім айтты, берем.
Алдар: Олай болса маған келесі жылға дейін жүзе теңге қарыз бере тұршы?
Бай: 100 теңге ақ - па, мә 200 теңге.
Алдар: Рақмет, байеке артық айтсам кешіріңіз. Ал енді кім жомарт, кім сараң оны сауда үстінде байқайық.
Бай: Кеттік базарға.
Мұғалім: Балалар, сендердің араларыңда қызғаншақ, қатты, өзімшіл балалар бар ма?
Балалар: Жоқ.
Мұғалім: Ия, балалар менде сендерді мырза, кішіпейіл, ақкөңіл, мейірімді деп ойлаймын. Аналарыңды, әпке - қарындастарыңды ренжітпей мереке күні көмектесесіңдер ғой.
Балалар: Ия.
(Базардағы бай мен Алдар)
Сатушы: Келіңіздер, келіңіздер,
Жаңа бұйым көріңіздер,
Пакистаннан, Үндістаннан,
Түркиядан, Кореядан,
Жаңа заттар толып жатыр,
Бикештерге, мырзалар
Қаптап сыйлық алып жатыр.
Келіңіздер, келіңіздер.
Алдар: Маған ана қаламсапты, қызыма қуыршақ, әйеліме орамал берші.
Сатушы: Мінекейіңіз ең әдемісі, ең жақсысы орап бере қояйын.
Бай: Маған да – деп, басын қаси бергенде.
Алдар: Сенің балаларың осыны сұрап пе еді? Оның үстіне Шығайбайдың әйелі шыт орамал тартып жүр деген ұят емес пе, дұрысын алсаңызшы, - дейді.
Бай: Ұлым бәтеңке, қызым күртке деп еді.
Сатушы: Бар, бар, таза былғарыдан бәтеңке, әдемі күртке, жібек орамал, көйлек, оған түстес әйеліңізге туфли бар. сізге орап берейін. Мінекейіңіз.
Сатушы: Не деген мырза едіңіз.
Бай: Естідің бе, Алдар? Енді ұтылғаныңды мойындайтын шығарсың, мені сақтап тұр, - дейді.
Алдар: Әрине, міне 1 теңге. Ал енді көріскенше күн жақсы.
Бай: Балалары қарап мәз болады. Өзі ақшасын қарап, ой, масқара - ай, қалтада түк қалмапты ғой. Әй, Алдар тез ақшамды қайтар, әйтпесе пайызымен аламын, - деп артынан жүгіріп кетеді.
Қыз: Әкей, кімді қуып кетті?
Ұлы: Алдар ағаны
Ана: Е, шырақтарым - ай, әкелерің де қанша дүниені де қуғанымен жеткізбейтінін сезсе ғой шіркін.
Қыз: Шеше, ренжімеңіз. Жүріңіз мектепке барайық.
Ұлы: Ия, онда сіздерге арналған ойын - сауық болады. Жүріңіз тезірек.
Би: Қара жорға .
Ақбота: Сырнай тартып, би билер,
Тойларыңа балалар.
Бағалаймыз еңбегін,
Аман болсын аналар.
Данияр: Сабағым ғой болмаса,
Дүкенге өзім барар ем,
Күлін алып от жағып,
Ағашын да жарар ем.
Жұлдызай: Қойым болса қорада
Оған шөбін салар ем,
Қи шығарып, су тасып,
Қозыларға қарар ем.
Әлжан: Қыз болсам ғой қиналмай,
Кірін жуып бере ем
Шәй қайнатып бала ойнатып,
Үйін жинап жүрер ем.
Айдана: Епті емеспін мендағы,
Еден жуа салмаймын.
Екі - үшеуін сындырмай,
Ыдыс жуа алмаймын.
Азамат: Сеніміңді ақтаймын,
Еркелеткен балашың,
Аман жүріп әрқашан,
Мұңаймашы анашым.
Зәру: Мерекеңмен өзіңді,
Құттықтайды балашың,
Арнап айтқан әнімді,
Қабыл алшы, анашым.
Ниязби: Өнегесін үйреніп,
Көмекші боп жүрейік
Алдарыңда бас иіп,
Би де билеп берейік.
Бәрі: Қайдан біле берейік,
Көп тірліктің жайын біз,
Қандай жұмыс болса да,
Ана үшін дайынбыз,
Гүл - гүл жайнап әріміз,
Кіреді біздің сәніміз,
Аналарды тойымен
Құттықтаймыз бәріміз.
Біздің оқушыларымыз аналарына арнап Сыйлық дайындапты. Соларды таратып берсін.
Немерем менің 4 әженің (ұл баланың) әңгімесі әндете.
Бәрі: Келіннен қорқып саспайық,
Келіңдер өсек бастайық
Немеренің әртүрлі,
Қылығын айтып тастайық.
Апыр - ай, белім - ай,
Қайда кетті келін - ай.
1 - бала: Айдана.
Немерем менің қазақша,
Таза сөйлей алмайды,
Орыс тілде сөйлесе,
Алдына жан салмайды,
Ойпырмай, сұмдық - ай,
Қайда кетті келін - ай.
2 - бала: Жұлдызай.
Немерем менің компьютер,
Ойынына тоймайды,
Тамаққа да қарамайды,
Үзіліссіз ойнайды.
Ойпырмай, сұмдық - ай,
Ұят екен масқара - ай.
3 - бала: Бейбарыс.
Немерем менің сабақтан,
Екі алып келеді.
Жамандаса апайын,
Келін соған сенеді ,
Ойпырмай, сұмдық - ай,
Бұл не деген масқара - ай.
4 - бала: Ниязби.
Немерем менің теңгеге,
Үйір болып алыпты,
Он теңгені сағызға,
Аямай бере салыпты.
Ойпырмай, сұмдық - ай,
Бұл не деген масқара - ай.
Бәрі: Келіндер келіп қалған ба,
Біз де үйге кетейік.
Немере тәтті жалғанда,
Барына шүкір етейік.
Апыр - ай, белім - ай,
Шай қодың ба келін - ай?
Мұғалім: Аналар, арулар мен сұлу қыздар,
Мәңгі әсем гүл болып қалыңыздар.
Шын жүректен құттықтаймыз сіздерді,
Ең бақытты, ең құрметті болып қалыңыздар.
Сіздерді көктемнің алғашқы гүл мерекесі 8 - наурыз мейрамдарыңызбен құттықтаймыз. Көктеріңізден күн кетпесін, құшақтарыңыздан гүл кетпесін, өмірлеріңізден күлкі кетпесін!
Аналар ғой қуат берер тірлікке,
Алдарыңда сәби болып жүрдік те,
Аналар ғой жақсылыққа жетелеп,
Үйрететін ынтымаққа, бірлікке – дей келе, құт болып әрбір үйден табылып, шуақ боп әрбір үйге жағыла беріңіздер!!! Осымен мерекелік концертіміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.