Қадірлемес қолда тұрған барды біз, Осыншама неткен салқынқандымыз

Скачать

Оразақын Асқар

Қорға, қазақ тіліңді
Қорға қазақ тілге туды сын сағат,
Тарихынан алмаса оңар кім сабақ.
Мемлекеттік мәртебесі бар тілің,
Шетке үнемі қағылуда күн санап.
Бізде тұрып, біздің тілді білмеген,
Салт - санаңның бірін көзге ілмеген.
Қазақ тілі қысым жасап жатыр деп,
Келімсек ши жүгіртуде іргеден.
Тиіс ұлың ана сүтін ақтауға,
Бәрін қойып әдептен де аттауда,
Шындық үшін шырылдаудың орнына
Жалақорды жан ұшыра жақтауда.
Қадірлемес қолда тұрған барды біз,
Осыншама неткен салқынқандымыз.
Тілімізге алып берген мәртебе,
Қорғамаймыз неге ата заңды біз.
Мемлекеттік тілде жиын өтпесе,
Қазақша хат жеріне тез жетпесе.
Толып тұрса мәртебеңнен не қайыр.

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
Шилісу негізгі мектебінің
4 – сынып оқушысы Қасымбек Арайлым
Сынып жетекшісі Билибаева Қарлығаш Урамбаенва


Скачать


zharar.kz