Қазақ әдебиеті 10 cынып
Сабақтың тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпеев өлеңдері (слайдымен)
Сабақтың мақсаттары:
а) Білімділік: Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы мәлімет беріп, өлеңдерін талдата отырып, мазмұнын ашу.
ә) Дамытушылық: Топта жұмыс жасату арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін, өзіндік ізденісін дамыту.
Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.
б) Тәрбиелік: Жақсы мен жаманды ажырата отырып, жамандықтан аулақ жүруге, сабырлы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері: Зейін қойып тыңдау, мәнерлеп оқу, өнегелі білім алу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, сатылай кешенді талдау, модульдік талдау, екі жақты күнделік, еркін жазу стратегиясы
Сабақтың көрнекіліктері: Слайд, үлестірмелі қағаздар, бағалау парағы, плакат
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет теориясы, өмірмен байланыс
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу, түгендеу.
2. Танысу. Балалар, бүгін мен, ------------------------- сіздерге сабақ өткіземін. Бүгін топпен жұмыс жасаймыз. Топ басшысын сайлаңыздар. Топ басшысы бағалау парағы бойынша өз тобының мүшелерін бағалап отырады. Әр тапсырма сайын топтан бір оқушыдан сөйлейді.
3. Білім туралы мақал - мәтел айтқызу арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру: Н. Орманбетұлының өлеңін жатқа айту, талдау.
Жаңа сабақ
1. Тақырыпты ашу. Слайдта көрсетілген сурет пен өлең жолдары арқылы ашу.
2. Сабақ мақсатын айтқызу.
3. Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы не білесіңдер? Оқушылар жауабы тыңдалады.
Қосымша мәлімет беру. Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы слайд көрсету.
Топпен жұмыс. Балалар, бүгін біз топпен жұмыс жасай отыра, ақынның Шайтанның саудасы , Ғибратнама өлеңдерін талдаймыз.
1 - топ. Шайтанның саудасы өлеңі
2 - топ. Ғибратнама өлеңі
1. Рөлге бөліп оқыту.
2. Өлеңге жоспар құру.
3. Модульдік талдау.
Өлеңнің тақырыбы:
Элементтері (кейіпкерлері):
Элементтердің қасиеттері:
Элементтер арасындағы байланыс:
Нәтиже:
4. Сатылай кешенді талдау.