Қатырма қағаз дайындау

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Ою - өрнектің шеңбер ішінде орналасуы.
Мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың жұмысты орындауындағы ептілігін дамыту, алған білімдерін өз беттерінше қолдана білуге қадағалау.
б) Тәрбиелік: Өзге ұлттың өнерін үйреніп, біткен ою - өрнекті талдап, сәндік талап қоя білуге тәрбиелеу, әдемілікті сезіне білу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, жұмбақ шешу, тест, топпен жұмыс.
Көрнекілік құралдар: қатырма қағаз, түрлі - түсті қағаз, қайшы, желім т. б.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу түгендеу.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Ою - өрнектің қолдану орны.
Ою - өрнек қайда қай жерлерде қолданылады.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Кілем, дастархан, шар ыдыстар шеңбер пішінді болып келеді. Аталған бұйымдарға ою - өрнектер
салуға болады. Енді шеңбер ішіне ою - өрнектерді орналастырып көрейік.
1 - кезең Сиқырлы ою , Слайдтан ою түрлері шеңбер ішінде көрсетіледі.( құсқанат , жұлдыз , түйік табан , сынықмүйіз ). Оюдың атын тапса, ою атындағы сұрақтарға жауап бере алады.
2 - кезең Тапқырлық Сурет бойынша жұмыс.
1 - сурет, 2 - сурет, 3 - сурет, 4 - сурет, 5 - 7 - суреттердегі шеңбер ішіндегі қандай ою - өрнек бейнеленген соны табу.
3 - кезең Мына сөздерден ою аттарын табу. мүйіз, қанат, құс, қошқар, табан, сынық, тік, түйе, мойын, құрт, қаз, ит, ала, құлақ, су, көз, төрт, ирек, мұрын, үй, балта, шық, табан, бота.
4 - кезең Қағаздан қырқып дайындаған шеңбер ішіне ою - өрнектерді орналастыру.
Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
Жұмыстың орындалу реті:
1. Қатырма қағаз дайындау.
2. Өз қалауыңша жиегін сәндеу.
3. Қатырма қағаздың боялған түсін таңдау
4. Шеңберді қиып алып, бетіне ою түрлерін жапсыру.

Қорытынды: Шеңбер ішіне ою - өрнектерді қалай орналастыру керек екен?
Бағалау: Мақтау және мадақтау арқылы бағалау
Үйге тапсырма: Шеңбер ою - өрнектерді орналастырып келу.


Скачать


zharar.kz