Қазақ әдебиеті 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы Жауынгердің тұлғасы .
Сабақтың мақсаты: а) Бауыржан Момышұлы өмірімен, ерлік жолдарымен, кітаптарымен, естеліктерімен таныстыра отырып, елін, жерін құрметтеу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
ә) көркем прозаға деген қызығушылыққа, халықтық салт - дәстүрін түсіне білуге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: ерлік сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, топтау, Карусель , Микрофон әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, Батыр ата бүктемесі т. б.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, өмірмен байланыстыру.
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: (5 минут). Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Санау бойынша 5 топқа бөліп отырғызу.
б) Карусель әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау. (10 минут). Оқушылар бір - бірінің ішінде орналасқан екі шеңбер құрады. Ішкі және сыртқы шеңбердегі әр оқушы бір - бірімен бетпе - бет тұрып жұп құрайды. Берілген уақыт ішінде (30 секунд) бір - бірімен ақпарат алмасады. Уақыт өткен кезде жүргізушінің белгісімен ішкі топ бір қадам сағат тілі бағытымен жылжып, келесі оқушымен жұп құрайды. Тағы да бір - біріне түсіндіре бастайды. Оқушылар тақырып бойынша алдын ала сұрақтар құрастырып, интервью алуға да болады.
1. ӨМІРБАЯНЫ. Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 - желтоқсанда Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде дүниеге келді. Бауыржан Момышұлы – Екінші дүние жүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Бауыржан 7 жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады. 1941 жылы ІІ дүниежүзілік соғыс басталысымен Бауыржан даңқты генерал – майор И. В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды, батальон, полк командирі қызметтерін атқарды. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен ерекше көзге түседі. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А. Бек Волокаламское шоссе повесін жазды. Соғыстан кейін Бауыржан Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмысымен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді.
Бауыржан Момышұлы Жауынгердің тұлғасы . жүктеу
Бауыржан Момышұлы слайдын. жүктеу