Ауған соғысында қаза тапқандарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Ерлікке әрқашан орын бар
Мақсаты: Ауған соғысының болу себептерін айқындай отырып мағыналық ақиқатын ашу. Еліміздің шекарасын қорғауда үлес қосқан ағаларымыздың ерлігін болашақ ұрпаққа үлгі ете отырып, олардың бойында Отанды сүю, ерлікке баулу, патриоттық қасиеттерін ояту, соғыс жайындағы білімдерін тәрбиемен ұштау.
Көрнекілігі: Ауған соғысында қаза тапқан Панфилов атындағы орта мектебінің түлегі А. Паценконың портреті, проектор, экран, слайдтар,
Әскери ЖОО түскен мектеп түлектерінің стенді.
Түрі: кіріктірілген - ерлік тәрбие сағаты сыр сұхбат, түсіндіру элементтері

Жоспары:
1. Ерлік сабағының ашылуы
2. Ауған соғысында қаза тапқандарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік.
3. Шақырылған қонағымызды таныстыру. Мектебіміздің ұстазы интернационалист - жауынгер Касенов Ерсайын Касенович.
4. Мен көрген соғыс Ауған соғысының тарихына қысқаша мәлімет.
5. Интернационалист - жауынгермен сұхбат.
6. Қорытынды.
Ескерту: Сабақ барысында - сызықшамен берілген тапсырма - сұрақтар ағайға, ал оқушыларға птичкамен берілен.

Барысы:
Ауған соғысында қаза тапқандарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар!
Биылғы жылы Ауған жерінен интернационалист жауынгерлеріміздің шығуына 25 жыл болды. Бұл мерейлі дата барлық жерлерде аталып өтуде. Біздің мектепте де аталған мерекеге орай айлық өтіп жатыр. Бүгінгі өзіміздің Ерлікке әрқашан орын бар ерлік сабағымызға интернационалист - жауынгер, мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәні мұғаліміКасенов Ерсайн касеновичті шақырып отырмыз. Ерсайын Касенович кеше аудан орталығы Сарыөзек кентінде өткен үлкен жиында Кеңес Әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жыл толуына байланысты мерекелік жиында тағы бір медальмен марапатталды. Ағайымызды қошеметтеп осы үлкен наградамен құттықтап қояйық!
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң - деп батырлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз бүгінгі күні ортамызда. Ерсайын Касенович сол соғысқа қатысқандардың бірі болса, қанша боздақтарымыз барғаны жайында Ауған соғысы тарихына қысқаша мәліметпен танысыңыздар.
Аудио түрінде немесе бір оқушыға оқытса да болады. Аудио жазба болса слайдпен қатар байланыстыруға мүмкіндік мол.

1. Мен көрген соғыс Ауған соғысының тарихына қысқаша мәлімет.
Тарих беттерінде Ауған соғысы өзіндік із қалдырды. Сызып алып тастамайтын бұл соғыстың қысқаша тарихына үңілейік. Ақпанның 15 - інде КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 25 жыл болды. Ауғанстанға армияны енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12 - желтоқсанда Кеңестер одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілді. Қызыл Армияның шектеулі контингенті он жыл бойы ауған халқымен соғыс әрекеттерін жүргізді. Ауған жерінде интернационалдық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері де болды. 1986 жылдың ақпанында болған КОКП ХХVІІ съезінде Михаил Горбачев әскерді кезең - кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару керектігін мәлімдеді. 1989 жылы ақпанның 15 - і күні КСРО - ның соңғы әскери бөлімі Кабулдан шықты.


Скачать


zharar.kz