Мынау ненің баласы

Скачать

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
Мектепке дейінгі "Бөбек" шағын орталық әдіскері
Жүнісова Нұршаш Құсманқызы

Білім беру саласы: қатынас
Бағдарлама тарауы: тіл дамыту
Тақырыбы: Ертегіні тауып айт
Мақсаты: балаларға өздері білетін ертегі кейіпкерлері жайлы, олардың мінездеріне сипаттама беруге үйрету, байланыстыра сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Құрал - жабдық: ертегі кейіпкерлерінің суреттері,
Сөздік жұмыс: ертегі - сказка, бауырсақ - колобок, шалқан – репка

Мотивациялық - қозғаушы 1. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық сәт Сәлемдесу
Күтпеген сәт
Топқа жүк машинасымен ертегі кейіпкерлерін алып келемін.
Балалардың назарын жүк машинасына аудару.

Іздену - ұйымдастырушылық
2. 1. – Балалар топқа не алып келдім?
Машинаның үстінде не бар?
Сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

Шалқан ертегісінде қандай кейіпкерлер бар?
Бауырсақ ертегісінде қандай кейіпкерлер бар?
Жеті лақ ертегісінде қандай кейіпкерлер бар?
Маша мен аю ертегісінде қандай кейіпкерлер бар?
Қандай жабайы аңдар бар?
Үй жануарларын атап айтшы, Айша?
Түлкі қандай аң?
Қоян қандай аң?
Ал енді балалар осы ертегілерді есімізге жақсылап түсірейікші?
Ол үшін мен сендерге ертегі желісін айтамын, кімге допты берсем сол бала ертегіні жалғастыруы керек, содаң соң тағы бір балаға береді.
Ерте, ерте, ертеде бір ата мен апа болыпты. Олардың бір қызы....
Сергіту сәт:
Бауыр, бауыр, бауырсақ.
Қайда кеттің домалап,
Сенің дәмің тәп тәтті,
Абайлашы сақ болшы.

Д ойын: Мынау ненің баласы?
Шарты: флонелеграфқа ілінген аңдардың суретінің қасына, үстелдің үстінде тұрған суреттердің ішінен төлін туып қасына жапсыруларын керек.
Айса, мынау ненің баласы?

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz