Сабақтың көрнекілік

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Жаңа дыбыстың дыбысталуын, жазылуын үйрету, әріпке байланысты жаңа сөз ойлау. Суретке қарап, мазмұнды әңгіме құрау, Балалардың ауызша ойлау дағдыларын дамыту Дәптерге әдемі жаза білу, оқушыларды әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа ақпарат
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілік: Оқулық, баспа, кеспе әріптер, интерактивті тақта, жұмбақтар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Сергіту сәті.

Өткен тапсырманы қайталап, еске түсіру.
құ - лақ
бұ - лақ
дұ - рыс
бұ - рыс
ұ - шақ
құ - шақ
құ - дас
құр - бақа

Жаңа ақпарат.
Екі айыр, бір бұтақ,
Жапырақсыз тұр жұтап.
Ойлан, қара дұрыстап,
Қайсы әріпке тұр ұқсап? (Ү)

Көлде жоқ,
Гүлде бар.
Нөлде жоқ,
Күлде бар. (Ү)

Ү дыбысының дыбысталуы
Ерін түтікшеге ұқсап, алға қарай созылып, тіл ауыз қуысының түбінде жатады да ұшы сәл сүйірленіп, жоғары көтеріледі.
Ү дыбысының жазылуын түсіндіру.
Қосымша материалмен жұмыс.
Г - ден баста мен кілең
Ажарымын өңірдің
К - ден баста мен кілең
Қалдығымын көмірдің
Т - дан бастап оқысаң
Аты аңыз қу аңмын.
К болса басқы әрпім
Езу тартып қуандық. (Гүл - күл, түлкі - күлкі)

Оқулықпен жұмыс.
а) Оқу
ә) тізбектеп, қатар бойынша оқыту.
Ойын: Ү пойызын жалға.
Мысалы: үй, үйрек, үзеңгі, үйшік, үміт, үлкен т. б.
(бір сөзге дыбыстық талдау жасау)
Үйрек
2. Дәптермен жұмыс.
Ү Ү Ү
Сен бақытты ұлансың
Анаң күнің, жүрегің,
Әкең - өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын!
Әжең – асыл ардағың
Атаң - дана қорғаның
Сен бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын!

Сабақты қорытындылап, бекіту.
- Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- Ормандағы қай үйде тұрады?
- Ү дыбысы сөздің қай буындарында кездеседі?
Үн - ұн үк - ұқ үр - ұр үш - ұш үз


Скачать


zharar.kz