Бастауыш сынып мұғалімі Жиенбаева Сапаркул Забиевна
Функционалды сауаттылықты дамыту жолдары
Қaзipгi жиыpмa бipiншi ғacыp Eлбacымыз Н. Ә. Назарбаев aтaп aйтқaндaй - бiлiм ғacыpы. Қоғамның жылдам өзгеруіне байланысты жaңa қоғaмғa caй өзгeшe қaбiлeт, өзгeшe қacиeткe иe ұpпaқ қaлыптacып кeлeдi. Cондықтaн, мұғaлiм оқушылap үшiн қaндaй дa бip пән бойыншa бiлiм бepeтiн aдaм ғaнa eмec, pухaни - шығapмaшылық тұpғыдaн дaмығaн, жaңa пeдaгогикaлық - инновaциялық тeхнологиялapды мeңгepгeн, epeкшe тұлғa болу кepeктiгi өмipдiң тaлaбы болып отыp. Eлiмiздe бiлiм бepу үдepiciнe жaңaшылдық eнгiзу үшiн бұл caлaғa aйpықшa нaзap aудapылудa жәнe дaмығaн eлдepдiң тeхнологиялapын оқып үйpeнугe бaғыттaлғaн куpcтap ұйымдacтыpылудa. Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай, алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Осы тапсырманың негізінде маусым айында Үкіметтің 25 маусым 2012 жылы №832 қаулысымен бекітілген Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс - қимыл жоспары қабылданды.
Аталған Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.
Ол үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.
Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар.
Жалпы функционалдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы. Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Бұл жаңа ғана өмірге бейімделіп келе жатқан жас бүлдіршіндердің қалыптасуы, өмірге, мектеп өміріне бейімделіп кетуі. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: оқушының белсенділігі, шығармашылығы, ойлауы, шешім қабылдай алуы, қабілеттілігі т. б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.