Литосфера тақырыбы бойынша қайталау

Скачать

6 сынып Ашық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Литосфера тақырыбы бойынша қайталау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жүйелі ойлауын, өздігінен, топ болып жұмыс істеу дағдыларын одан әрі дамыту;
Оқушыларды ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу мақсатында қорытынды – қайталау сабағы;
Сабақтың көрнекіліктері: Карта, кескін карта, сабақ жоспары жазылған плакат, жердің құрылысы (ішкі, сыртқы) сызбасы, термин сөздердің кестесі, ұлы тұлғалардың аты - жөні жазылған плакат.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, Биология, тарих, әдебиет, дене шынықтыру пәндерімен байланыстырады.

Сабақтың жүрісі:
I Ұйымдастыру
Сабақтың жоспары:
1. Өткен сабақ бойынша білім дағдыларын тексеру (көрнекіліктер арқылы)
2. Тест тапсырмалары (ауызша)
3. Футбол ойыны (деңгейлік тапсырмалар)
4. Картамен жұмыс
5. Терминдермен жұмыс (кесте арқылы)
6. Ұлы тұлғаларды тану жарысы (топпен жұмыс)
7. Сөзжұмбақ
Қорытынды

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша төмендегідей сұрақтар мен тапсырмаларға жауап береді.
a) Жердің сыртқы құрылысын атап, топтастырып сипаттама бер.
b) Осының ішінде біз өткен литосфера дегеніміз қандай қабат? Ол қандай мағынаны білдіреді?
c) Жердің ішкі құрылысын атап, топтастыр сипаттама бер.
d) Литосфералық тақта жеген не? Литосфералық тақта нешеу? Атап шық.
Ескерту: Осы кезде әр қатардан жақсы оқитын 1 - оқушы қатарындағы оқушылардың берген жауабы белгілеп отырады
Ал келесі тест тапсырмасын мен ауызша оқимын. Сендер сұрақтардың қайсысы дұрыс жауаптарын 4 жауап қолдарыңдағы
А, Ә, Б, В деген үлестірме арқылы көтеріп отырасыздар. Қате көтерген оқушыға сары белгі беріледі. Ал мұқият тыңдаймыз
1. Жердің ең үстіңгі қатта қабаты
а) биосфера ә) атмосфера б) литосфера в) гидросфера

2. Еуразия материгіндегі ең биік сөнбеген жанартау
а) Везувий, ә) Қазбек б) Ключи шоқысы в) Килиманджаро
3. Жер сілкіну жиі болатын аймақтар:
а) жазықтар ә) таулы аймақтар б) ойпаттар в) үстірттер
4. Жер қыртысының қозғалысын бақылайтын аспап
а) нивелир ә) тұсбағар б) сейсмограф в) эхолот
5. жер сілкіну ошағы дүмпуінің жер бетіне шығатын жері
а) кратер ә) эпицентр б) жанартау в) гейзер
6. Фонтан сияқты атқылайтын ыстық бұлақ
А) лава ә) гейзер б) гнейс в) кратер
7. Химиялық шөгінді тау жынысы
а) құмтас ә) әктас б) шағын в) тас тұзы
8. Шөлдерде желдің әрекетінен пайда болатын орақ тәріздес құм төбешіктің аты
а) жыра ә) шатқал б) шағыл в) барқан

Жақсы балалар. Енді біз деңгейлік тапсырма орындап көрейік. Дене шынықтыру сабағынан барлықтарын білетін Футбол ойынын ойнайық. Ойын шарты мынадай:
Қазір ортаға
1) Қақпашылар – өте жақсы оқитын оқушыдан 2 оқушы 1 деңгейдегі
2) Қорғаушылар – жақсы оқитын оқушыдан 4 оқушы 2 деңгейдегі
3) Шабуылшылар – нашар оқитын оқушыдан 4 оқушы шығады
Төреші: Өте жақсы оқитын бір оқушыны сайлап аламыз. Ол оқушы барлық жауапты тексеріп тұрады. Қателескен, дұрыс жауап бермеген оқушыға өзінің сары үлестірме – сұрағын береді. Жауап бере алмаған командаға гол болады. Сынып екі командаға бөлінеді. Ала доптың суреті бар үлестірме деңгейлік сұрақтар таратылады. Допты кімге берсе, сол оқушы жауап беріп отырады. Жауап берген оқушы келесі балаға беруі тиіс.

География пәнінің мұғалімі: Қосберегенова Нұршагүл

Литосфера тақырыбы бойынша қайталау. жүктеу


Скачать


zharar.kz