Алматы облысы, Іле ауданы,
№20 орта мектебі МКМ - нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Оманова Гүлзат Төребекқызы
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік жолында - Т. Рысқұлов.
Сабақтыңмақсаты: Білімділік: Желтоқсан оқиғасы арқылы жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді ұғындыру; Т. Рысқұлов жайында тың мағлұмат бере отырып, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың шейт болғандығын көрсету;
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық - шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту;
Тәрбиелік: Отанды сүюге, ел мен жердің қадір - қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Сабақтың технологиясы: Қ. О. Бітібаеваның Жаңа білімді меңгерту технологиясы.
Сабақтың әдістері: СТО стратегияларының элементтері. Интерактивтік оқу әдісі.
Пәнаралық байланыс: тарих, халықтық педагогика, орыс тілі, ән - күй.
Сабақтың эпиграфы: Анадан ешкім батыр болып тумайды
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу.
2. Тіл дамыту
- Сенің Отаның қандай? (Қазақстан)
- Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз мемлекет)
- Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы)
- Қазақстаның Президенті кім? (Н. Ә. Назарбаев)
Үйге не берілді?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа - сабақ.
1. Ой шақыру стратегиясы.
Туған жер, Отан туралы мақал - мәтелдер
- Балалар, сендер туған жер, Отан туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
1. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
2. Отан үшін отқа түс, күймейсің.
3. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
- Балалар, Отан үшін отқа түс, күймейсің деген кімнің сөзі?
- Бауыржан Момышұлының сөзі.
Балалар, сабақтың эпиграфына назар аударайықшы.
- Сабақтың эпиграфы қандай? Анадан ешкім батыр болып тумайды
- Орысшаға қалай аударылады?
- Никто не рождаются героями
- Батыр сөзінің синонимі қандай?
- Қаһарман, ер, ержүрек, батыл.
- Батыр сөзінің антонимі қандай?
- Қорқақ.
- Енді батыр сөзіне антонимін қойып сабақтың эпиграфын қайталаңдаршы, қалай болады?
- Анадан ешкім қорқақ болып тумайды .
- Балалар, биыл біздің тәуелсіздігімізге қанша жыл толды?
- 20 жыл
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Иә, тәуелсіздік бізге оңай жолмен келмеді. Кешегі ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен үш жүздің басын бір тудың астына біріктірген Абылай ханда халқының тәуелсіздігі жолында өз өмірін сарп етті. Қара бала, қара қазан қамы үшін сөз саптаған төбе билеріміз - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің аңсағаны да осы Тәуелсіздік болатын. Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов, Әлихан Бөкейхан да халқының бостандығы, бақыты үшін өз өмірлерін берді. Ал, 1986 жылы желтоқсан айында орталық алаңға жиналған жастардың жан айқайы да осы Тәуелсіздік үшін болған еді.
Ендеше, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Тәуелсіздік жолында. Т. Рысқұлов деп аталады.
Сабақтың мақсаты: Ойымызды жүйелеп айту, сабаққа белсене қатысы отырып, тәуелсіздік туралы ұғымды бекіту.
1. - Мен сендерге өткен сабақта алдын - ала 2 топқа бөліп, әр топқа жоба дайындап келуге берген болатынмын. Дайынсыңдар ма, балалар?
– Дайынбыз.
2. Жоба қорғау.
Ендеше, бірінші топтың жобаларын тыңдайық.
І топ. Тәуелсіздік жаршысы - Т. Рысқұлов .
Т. Рысқұлов 1894 жылы Алматы облысы, т. б. жерде туған.
Т. Рысқұлов революционер, көрнекті мемлекет, қоғам қайраткері. Ол 1918 жылдан 1937 жылдарға дейін әр түрлі мемлекеттік басшылық қызметте болды. Республикамыздың экономикасын, мәдениетін, тұрмысын дамыту үшін үлкен жұмыстар атқарды.
Т. Рысқұлов халқын шексіз сүйген патриот. Ол Мәскеуде басшы қызметте он жылдан астам жұмыс атқарған тұңғыш қазақ. Алаш арысы үлкен қайраткер Мұстафа Шоқай Тұрарды Сталиннің фавориті деп атаған.
Т. Рысқұлов түркі идеясы мен Түркісиб теміржолын салдыруы, аштықпен күресуі қазақ тарихындағы үлкен оқиғалар болып табылады.
Шығыс киносын дамыту барысында Т. Рысқұлов Шығыскино бірлестігін ашты.
Алайда 1937 - 1938 жылдары Т. Рысқұлов қуғын - сүргінге ұшырады. 1937 жылы мамыр айында Кисловодскіде әйелі Әзизамен демалып жатқан жерінде Халық жауы деген жаламен қамалады. 1938 жылы 10 ақпанда Т. Рысқұлов атылды.
2. Т. Рысқұловтың отбасы жайында жоба.
Тұрардың бұрынғы жұбайы Надежда Константиновнадан 2 қыз қалған. Үлкені Софья, кішісі Майя.
София Тұрарқызы1923 жылы туған. Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі. Софья апамыз 1998 жылы қайтыс болған.
Майя Тұрарқызы 1929 жылы туған. Мәскеудің көркемсурет көрмесі дирекциясында машинистка болып, Центросоюз хатшылығында және Роспотребсоюзда әр түрлі қызмет атқарған. Қазір жасы 81 - де.
Владимир - Тұрар Рысқұловтың екінші қызы Майяның ұлы. 1957 жылы Мәскеуде туған. Мәскеу мемлекеттік университеті, Азия - Африка елдері институтының тарих - филология факультетін бітірген. Араб, ағылшын, француз тілдері бойынша маманы. Оның 3 үш қыздары бар. Александрина мен Анастасия жоғары білімді биотехнологтар, Анна - суретші.
Т. Рысқұловтың Әзизадан туған Ескендір атты жалғыз ұлдары 10 жылға сотталып, Архангельск түрмесінде өкпе ауруынан қайтыс болады.
Ал аяғы ауыр әйелі Әзиза Түбекқызы Бутырка түрмесінде босанып, Риданы балалар үйіне жібереді.
Әзизаның анасы Әрипа Атауылқызы Халық жауының енесі ретінде Қарағанды лагеріне қамалады. Әрипа сол лагерде қайтыс болады.
Қазір Сәуле Алматыда, биология ғылымының докторы, Рида Москвада тұрады.
Ал, Әзиза апамыз 1988 жылы маусым айында Алматыда қайтыс болады.
ІІ топ. Желтоқсан қаһарманы - Қайрат Рысқұлбеков
Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы естен ұмытылар ма? Талай тағдыр талапайға түсіп, тәуелсіздік жолында талай азамат шейіт болды. Олар: Асанбай Асқаров, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыптаев, Сәбира Мұқаметжанова сынды апаларымыз бен ағаларымыз еді. Олар өмірден қандай қызық көрді?