Бөлімі: Таза, мінсіз асыл сөз
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Асан қайғының жерге айтқан сыны аңызы. Дала данышпаны
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау
Тілдік мақсат: Талқылауға арналған сұрақтар:
Асан қайғы шынайы өмірдегі осы ақпаратқа қандай пікір айтар еді? Көріпкел абыз ХХІ ғасырда өмір сүрсе, қазіргі Қазақстан жеріне қандай сын айтар еді?
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Топырағы асыл
Шұрайлы
Құмы құт
Жері жусан
Ойлау дағдыларының деңгейлері: Жоғары деңгей дағдылары
Құндылықтарға баулу Еңбек пен шығармашылық;
Пәнаралық байланыс: география
Тақырып бойынша алдыңғы білім: Асан қайғының жерге айтқан сыны туралы оқушылар біледі, аңыз мазмұнымен таныс
Сабақтың барысы:
Сабақтың басы
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Топқа бөлу
2. Бағалау критерийлерімен таныстыру
Топ мүшелерінің әрбір белсенділіктеріне жарайсың жазуы бар жүрекше беріп отыру, Смайлик арқылы әр топ бір - бірін бағалау. Топ мүшелерін бағалау мақсатында бағалау парағы беріледі.
Әр жүрекше - 1 ұпаймен бағаланады.
Мұғалімнің іс - әрекеті
Асанқайғының Желмаяға мініп, шарлаған қазақ жерінің атаулары жазылған қима қағаздар арқылы топқа бөлу.
Бағалау критерийлері:
жарайсың - 6 - 8
Мен сенің жұмысыңа ризамын - 4 - 5
Сен жақсырақ жұмыс істей алар едің - 3
Жайқалған раушан әдісі топтық бағалау
Оқушының іс - әрекеті
Асанқайғы барған өзен атаулары жазылған қима қағаздар арқылы
4 топқа 5 - 6 оқушыдан бөлініп отырады
Бағалау
Критерийлерімен танысады.
Сабақтың эпиграфы: Рухтандыру мақсатында Оқушыларды қол ұстатып, Асанқайғының Өсиетінен үзінді оқыту.
Сабақтың ортасы
Ой қозғау
Таңда да, таста әдісі бойынша Әр топқа тапсырма жазылған бір қағаз тастау
1(Асанқайғының шын есімі, есіміне қайғы сөзінің тіркесіп келу себебін түсіндір?)
2. Асанқайғының әкесі кім? Әкесі қайда мекен еткен, айналысқан кәсібі не?
3. Асанқайғы мазары деп аталатын Асан ата кесенесі қайда орналасқан?
4. Шоқан Уәлиханов Асанқайғыға қандай атақ берді? Неге олай атады деп ойлайсың?
Үй тапсырмасын сұрау. Асанқайғының жерге айтқан сыны
Мұражай әдісі бойынша 3 сұрағы бар жарты сыңарлы суретті тапсырмаға жауап беру арқылы суретті бүтіндеу (Әр топ өз топ атауларын картадан табады).
Мектеп: №35 жалпы орта білім беретін КММ
Мұғалімнің аты - жөні: Риза Құралай Еділқызы
Асан қайғының жерге айтқан сыны аңызы. Дала данышпаны жүктеу