Фигуралардың ауданын салыстыру және өлшеу тәсілдерімен таныстыру

Скачать

3 сынып
Тақырып: Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу. Квадрат сантиметр
Мақсаты: фигураның ауданы туралы түсінік беру. Фигуралардың ауданын салыстыру және өлшеу тәсілдерімен таныстыру. Көбейту кестесі туралы білімдерін бекіту. Есептеу дағдыларын жетілдіру. Логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Таза, әдемі жазуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсіл: сұрақ - жауап, қайталау сұрақтар, өздік, топтық, салыстыру.
Технология: дамыта оқыту

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық көңіл - күй.
Саған есеп үйреткен,
Пәнге қара құрметпен.
Сандарды тура табатын,
Қиын, әрі қызықты
Математика болатын!

ІІ. Үй жұмысын тексеру:№4. Есепті шығар.
Шарты:
Үлкен - 4
Кіші - 6
Тең бөліп - 5 ағашқа
Әр ағашта нешеу -? Ш: (4+6): 5=2
Жауабы: әр ағашта 2 тиін

ІІІ. Тірек білім, білік, дағдыларын тексеру. жұптық
Сәйкестендеру: геометриялық фигураның атауын мен тұжырыммен.
4 бұрышы бар көпбұрыш шеңбер
Қарама - қарсы қабырғалары тең төртбұрыш үшбұрыш
Барлық қабырғалары тең көпбұрыш тік төртбұрыш
Үш бұрышы бар көпбұрыш төртбұрыш
Бұрыштары жоқ фигура шаршы

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс.
1. Тақтаға геометриялық фигуралар - дөңгелектер, үшбұрыштар, төртбұрыштар, шаршылар, тіктөртбұрыштар ілінеді. Балаларға ең үлкен және ең кіші фигураларды алуды сұралады:
- фигуралардың көлемі үлкен, кіші туралы айтқанда олардың несі салыстырылады? ауданы
Үлкен фигураның үстінен кіші фигураны беттестіру ұсынылады. Дәлелдеу қызыл түсті фигураның ауданы көк түсті фигураның ауданынан кіші екенін.
беттестіріп қойғанда көк тіктөртбұрыш қызыл тіктөртбұрыштың ауданының ішіне сыйып кетті, яғни көк фигураның ауданы қызыл фигураның ауданынан үлкен.
№1. а 1 см - ұзындықтың бірлігі. Кесіндінің ұзындығы 6 см. Кесіндінің ұзындығын қалай өлшейді? Түсіндір.
Ауданды табу үшін фигураның енін ұзындығына көбейтеді.
Ауданның формуласы: S =a * b

Жанна Манатовна Жаксымбетова
Учитель начальных классов
Малайсаринская СОШ
Майский район, Павлодарская область
Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу. Квадрат сантиметр жүктеу


Скачать


zharar.kz