Қышқыл қалдығының валеттілігін, қышқылдардың формулаларын құрастыра білу

Скачать

Химия 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қышқылдардың құрамы, алу жолдары
Сабақтың мақсаты. Оқушыларды жаңа қышқыл, индикатор ұғымдарымен, алыну әдістерімен таныстыру. Қышқыл қалдығының валеттілігін, қышқылдардың формулаларын құрастыра білу; қышқылдардың формуласын мен аттарын үйрету.
Білімділік: қышқылдарға сипаттама беру
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, іскерлікке, отансүйгіштікке, білім деңгейін өзі бағалауға, әділ болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: сұрақ – жауап, есеп шығарту арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту, ой – өрісін кеңейту, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Күкірт қышқылы, тұз қышқылы, фосфор қышқылы, азот қышқылы, т. б. мырыш, магний, сызбанұсқалар, кестелер.
Тірек білім мен біліктер: валеттілік, қышқыл, оксид, қышқыл қалдығының валенттілігі, валенттілігі бойынша тұздарды жаза білу, негізгі қышқылдарды атау.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасы Қызығушылықты ояту
Сабақты әңгімелесу түрінде жүргізуге болады. Ол үшін мұғалім мынадай сұрақтар қояды:
1. Сендерге қандай жай заттар белгілі?
2. Қандай күрделі заттармен таныстыңдар?
3. Төмендегі заттар қандай кластарға жатады?

Формулаларды мұғалім тақтаға жазады.
Сутегінің химиялық қасиетін қайталау мақсатында төмендегі тапсырмаларды беруге болады.
1. Мына заттардың қайсысымен сутегі әрекеттеседі:

Реакция теңдеуін жаз, реакцияның қай типіне жатқызасыздар?
2. Екі газ А және В берілген. А газы Б газында жанғанда бу пайда болады, оны суытқанда түссіз сұйыққа айналады, осындай жағдай А газы қыздырылған мыс оксиді ІІ арқылы өткізгенде жібергенде де болды. А және Б газдарын тап. Жоғарыда құбылыстарды түсіндір, реакция теңдеулерін жаз.
Жаңа сабақ Мұғалім мына қышқылдардың НСІ, Н2S, Н2SО4, НNО3
формулаларын жазады. Бұл заттарды оксидтерге жатқызуға бола ма? Бұл қышқылдардың құрамында қандай ұқсастық бар?
Қышқыл қалдығы ұғымын түсіну үшін сутегі бөліну реакциясын еске түсіру қажет. Мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде сутегі бөлінеді. Неліктен? Реакция теңдеуін бір оқушы тақтаға жазып, реакция нәтижесінде түзілген заттардың құрамын түсіндіреді. Оқушылар өздері қорытынды жасайды: металл қышқыл құрамындағы сутегін ығыстырып шығарады да, тұз түзеді. Тұз құрамына металл және қышқыл қалдығы кіреді.


Скачать


zharar.kz