Лексикалық тақырып: Нәтиже сабақ Тағамдар
Грамматикалық тақырып: Фонетика.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балалардың модуль бойынша алған білімдерін жүйелеу, қорытындылау, бекіту.
Дамытушылық: Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік қорларын молайту, ой - өрістерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе алуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық, адамгершілік, гигиеналық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың тегі: Білімді жинақтау, қорыту.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, биология, тарих, математика.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызба, үлестірмелі материалдар, сөзжұмбақ.
Ұйымдастыру формасы: ұжымдық, топтық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Сынып тазалығын тексеру;
- Балаларды түгелдеу;
- Оқушылардың назарларын сабаққа аударып, сабақтың мақсатын түсіндіру;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (8 мин)
- Сөздіктерді қайталату.
Ұлттық тағамдар – национальные блюда
сусындар – напитки
бесбармақ – мясо по казахски
жая – жая (огузок лошади, цельное мясо)
қазы – казы (блюдо из реберной части конины)
қуырдақ – жареное мясо
шұжық – шужык
ірімшік – творог сыр
ас – пища, еда
сіңімді – легко перевариваемый
сүт – молоко
айран - кефир
- Жаттауға берілген ас батасын мәнерлеп айтқызу.
- Дәптерлеріндегі 3 сөзге жасаған фонетикалық талдауларын тексеру.
ІІІ. Сайыс сабақ Жүзден жүйрік (25 мин)
1. Ойынның мақсатымен, кезеңдерімен таныстыру (3 мин)
Сыныпты екі топқа бөлемін:
- Алғырлар
- Тапқырлар
Балалар, енді біз Жүзден жүйрік сайыс сабағын бастаймыз.
Сайыстың шарты: сайыс төрт кезеңнен тұрады.
1. Бәйге
2. Кім тапқыр?
3. Жорға
4. Тіл өнер
- Бәйге кезеңінің шарты: Жалпы екі топқа ортақ 10 сұрақ беріледі. Сұраққа бірінші болып қолын көтерген топтың оқушысы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріліп отырады.
- Кім тапқыр? кезеңінің шарты: Оқушыларға үш сұрақтан тұратын тест таратамын. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Әр оқушы отыз ұпайдан алуға мүмкіндіктері бар.
- Жорға кезеңінің шарты: Нөмірмен белгіленген (10, 20, 30) 6 сұрақ беремін. Балалар қай сұраққа жауап беретінін өздері таңдайды. Сұрақты бірінші болып аз ұпай жинаған топтың оқушылары таңдай алады.