Атырау қаласы,
№2 орта мектебінің орыс сыныптарындағы
қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
Унгаралиева Назгул Имашевна
Баяндама "Жаңаша оқытудың білім беру жүйесіндегі маңызы"
Адам мақсатына өзін - өзі жетілдіру арқылы жетеді
(Әбу - Насыр әл - Фараби)
Өмір – бұл ағын су секілді, бір орында тұрмайды, яғни жылдар жылжып, уақыт өтеді. Уақыт өткен сайын қай салада болмасын дүниенің бір жаңалығы орын алып жатады. Сол жаңалықты тосырқамай, жақсы - жаманын саралап қабылдай білу керек.
Өмірді ағын суға теңесек, білімді - теңіз, мектепті – кеме деп қарастырамыз, ал мұғалім – сол кеме капитаны деуге болады. Кеменің тереңге батпай, дұрыс бағдармен жүруі мұғалімге байланысты.
Мұғалімнің ұстанымы әрі мақсаты – шәкіртінің ішкі жан дүниесін тану, оның жеке басының құндылықтарын құрметтей отыра, тұлға ретінде қалыптастыратын ерік, мақсатқа ұмтылушылық секілді қасиеттерін жандандыруға көмектесу.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев: Біз осы заманғы білім беру жүйесісіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз - деп атап көрсеткендей, осы заманғы ұстаз – болашаққа заман ағысымен ілгерілеген озық тұлға. Мұғалімге осындай көзқараспен қарау, оның алдына қойылар талапты да айқындайды.
Кез - келген адам алдына қойған мақсатына ерік - жігерін аямай еңбек ету арқылы, осы жолда өзін - өзі бар қырынан жетілдіру арқылы жетеді.
Елбасымыз: Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі деп атап көрсетті. Сонымен қатар, Қазақстан 2050 стратегиясында: Біріншіден, барлық дамыған елдер өзінің бірегей жоғары сапалы білім беру жүйесіне ие. Біз Ұлттық білім беру саласының барлық бөлімдерінің сапасын жақсарту үшін көп жұмыс істедік. Біз, 2020 жылға қарай, Қазақстанның 3 - 6 жастағы барлық балалары мектепке дейінгі білімді алатын болатынын болжап отырмыз. Сондықтан, сол балаларды заманауи білім беру әдістемелерімен және білікті қызметкерлермен қамтамасыз етудің маңызы зор. Негізгі мектеп үшін, барлық мектептердегі оқыту стандарттарын Нзарбаев Зияткерлік мектептерінің деңгейіне дейін жақсарту қажет. Жоғары мектеп түлектері Қазақ, Орыс және Ағылшын тілдерін меңгеріп шығулары тиіс. Оқытудың нәтижесі сын тұрғысынан ойлау, өздігімен зерттеу және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгерту тиіс делінген. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасы мұғалімдердің шеберлігін жетілдіру мен дамытуды басты міндет ретінде қарастырып отыр.
Қазақстан Республикасының 11 жылдық жалпы білім беретін мектептеріне арналған жаңартылған оқу жоспары шеңберіндегі біліктілікті көтеру бағдарламасы ұйымдастырылды. Өрлеу Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты (ПҚ БАИ) оқытушылары Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығында жаңартылған бағдарлама бойынша қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдерін оқыту курсында біліктіліктерін арттырды. 2015 жылдың 2 - 27 наурыз аралығында Астана қаласында өткен орта білім берудің мазмұнын жаңарту оқу бағдарламасы бойынша тілдерді оқыту курсына мен де қатысып, тренерлік оқыту сертификатына ие болдым.
Толық нұсқасын жүктеу