Дизайнер - суретші деген кім

Скачать

Тақырыбы: Дизайнер – суретші деген кім?
Мақсаты: Оқушыларды дизайнер – суретшілердің жұмыстарымен таныстыра отырып, олардың қарапайым құралдармен тиімді әдістерді қолдана отырып жұмыс істеуін оқушыларға үйрету, ұқыптылыққа баулу.
Білімділік: Жеке тұлғаның логикасын дамыту, өз алдына жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге дағыдыландыру.
Дамытушылық дизайнер – суретші ретінде жұмыс жасауға бағыттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық талғамын байыту.
Күтілетін нәтиже: Тіл байлықтары мен сөздік қорлары молаяды. Шығармашылық қабілеттері артады.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Суреттер сөйлейді, миға шабуыл, постер қорғау, сергіту сәті
Көрнекілігі: Маркерлер, плакаттар, слайд, стикерлер

І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды стикерлер арқылы үш топқа бөлу. Алтын ереже құру қажеттілігі туралы айту. Психологиялық дайындық жасау.
Білім
Қызығушылықтарын ояту
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Сандықша жасау Тапсыма№1Суреттер сөйлейді

Жаңа сабақ
Бейнебаян көрсету
Оқушылар дизайнер – суретші деген кім екен?
Мұғалімнің түсіндірмесі
Сен кескіндемеші, график - суретші, мүсіншілердің шығармашылығымен таныстың. Бұлардан басқа суретші - дизайнер де бар. Олар әр түрлі заттармен жұмыс істейді. Дизайнер - суретшілердің кейбіреулері ыңғайлы да әдемі жиһаздар ойлап тапса, енді біреулері сәнді киімдер, әшекейлер, тағы басқа көптеген нәрселерді ойлап табады. Соңғы кездері дизайнерлер үйлер мен бақтарды безендірумен белсене айналысуда. Дизайнер - суретшінің жұмысындағы басты қағидалары - беріктік, қолайлылық және әдемілік. Мысалы, қолшатыр адамды жауыннан қорғайды. Сен қолшатырды дүкеннен сатып аларда ол мықты ғана емес, сонымен қатар әдемі болсын деп сұрайсың. Қолшатырдың пішінін де, оның түр - түсін де дизайнер - суретші ойлап табады.

Түсіну
Мына суреттегі аққала ойыншыққа ұқсайды. Бірақ бұл - Жаңа жылға арналған май шам. Оны да ойлап тапқан дизайнер - суретші. Дизайнер біздің күнделікті тұрмысымызға сұлулық сыйлайды. Кез келген заттың долбарын жасау кезінде бәрі де маңызды. Дизайнер - суретші заттардың пішінін ойластырып, әсерлі сызықтар мен түс реңктерін іздестіреді. Заттың түсі де оның қандай қажеттікке арналғандығына қарап таңдалады. Мысалы, балалар ойыншықтары айшықты, түрлі түсті болса, көптеген үй тұрмысына арналған бұйымдардың түсі, керісінше басыңқы, күңгірттеу болады. Суретшілердің білімі мен талғамы, көрегендігі дизайнерге де қажет. Суреттердегі заттарға назар аудар. Оларда дизайнның барлық қағидалары сақталған ба?

Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы, Миялы селосы
Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп
бастауыш пәні мұғалімі
Баймағанбет Жансәуле Баймағанбетқызы

Дизайнер – суретші деген кім? жүктеу


Скачать


zharar.kz