Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: Ақорда ортаңғы тобы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің түрі: Жаратылыстану.
Тақырыбы: Құстар біздің досымыз
Мақсаты: Құстар туралы түсініктерін қалыптастырып, жер теліміндегі ағашқа қонған құстарды бақылап, қандай құс екенін ажырата білуге үйретіп, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: суреттер қарау.
Қажетті көрнекі құралдар: құстардың суреттері
Билингвальды компонент: құстар - птицы; құстар - bird.
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Таза ауадан салайық,
Достық мейірін салайық,
Жүрек жылуын салайық,
Осы жақсы лебізді
Бір - бірімізге сыйлайық.
Есіктен Құсшы амандасып кіреді
- Амансыңдар ма балаларым, мені танисыңдар ма? Мен құстарды бағып – қағып қорғайтын құсшы боламын
Маған сендердің көмектерің керек еді, жылы жаққа көптеген құстарға жем шашып тұруға келісесіңдер ме?
Іздену ұйымдастырушы
Кіріспе кезеңі.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Ауа – райында қандай өзгерістер бар?
Біздің ауладан қандай құстарды байқадыңдар?
Көктемде құстар қайдан ұшып келеді?
Суретке қарап әңгімелеу.
Балалар мына суреттерден өздеріңе таныс құстарды тауып беріңдерші.
Мынау қандай құс екен?
- Торғайлар біздің аулада бар ма, олар немен қоректенеді?
Ал мынау тоқылдақ балалар, оны орман дәрігері дейді екен. Өйткені ол ағаштардағы құрттарды мына ұшты тұмсығымен тоқылдатып тазалайды.
Ал, мынау қарлығаш ол адамдарға жақын ескі үйлерге ұя салып, салқын түскенше балапандарын өсіреді.
Мынау қарға. Оның да өзіндік ерекшелігі бар құс. Қарға мысалы ауа – райынан хабар беретін қасиеті бар, егер күн салқындатып, жаңбыр не қыста қар жауатын болса қарғалар жол үстіне толып қонады екен.
Көрдіңдер ме балалар құстардың пайдасы қандай екенін. Ендеше біз құсшы сияқты құстарды қорғай аламыз ба?
Құстар туралы тақпақ – өлең білесіңдер ме Құсшыға айтып берейік.
Сергіту сәті
1, 2, 3 қарлығаш боп ұш.
4, 5, 6 қарлығаш боп қалқы.
7, 8, 9, 10 қарлығаш боп қон.
Қимылды ойын: Торғайлар мен мысық
Мақсаты: Ойын ережесін бұзбай ойнауға үйрет,. ойын арқылы балаларды жылдамдыққа ұйымшылдыққа баулу.
Құстар біздің досымыз жүктеу