Алпамыс батыр жырының жалпы мазмұны жайлы сұрау

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Алпамыс батыр жырындағы кейіпкерлер

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: жырдың мазмұны мен идеясын игерте отырып, "Алпамыс батыр" жырындағы бейненің халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күшінің көркі екендігін дәлелдеу.
ә) дамытушылық: топпен жұмыс негізінде Алпамыс бейнесіне тән қасиеттерді саралай талдату, олардың көркем сөйлеу мен көркем жазу шығармашылығын арттыру.
б) тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, батырлыққа тән қасиеттерге баулу.
Өз Отанын, туған елін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: талдау
Сабақтың жабдықталуы, көрнекілігі: "Алпамыс батыр" бейнесі салынған плакат, нақыл сөздер жазылған плакаттар, магнитофон, кассета, сыбызғы, ақ қағаздар, маркерлер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу. Кезекші мәлімдемесі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
а)"Алпамыс батыр" жырының жалпы мазмұны жайлы сұрау.
ә) Сұрақ қою арқылы оқушылардың білімін тексеру.

Жаңа сабақ
Алпамыс батыр. Қазақ елі өз арманындағы ердің, батырдың образын бір Алпамысқа біріктіре сомдаған. Алпамыстың бар күш - қуаты Отанына арналады. Алпамыстың әке - шешесі оны сонша тілеп барып, аңсап көреді. Алпамыс ерекше күшті болып өседі. Оның бірінші ерлігі кемпір айтқан Алсайшы Гүлбаршынды, қу жүгермек деген сөзінен соң, қалыңдығын іздеп шыққанда көрінеді. Гүлбаршынды алмақ болып, Сарыбай ауылын қамап жатқан қалмақты шабады. Демек, Алпамыс — сүйгені үшін еш нәрседен шошымас, ғашықтық үшін басын тіккен жан. Гүлбаршынды алып еліне келсе, өз жұртын Тайшық хан шауып, мал - мүлкін алып кетіпті. Тайшық та Алпамыстың келерінде түс көріп, сезіп сасады. Бұдан Алпамыс атағы алыс кеткен батыр екені білінеді. Батыр аңғал дегендей жолда Тайшық жіберген мыстан кемпір сөзіне алданып арақ ішіп, қапыда жау қолына түседі. Осы кезде Алпамыстың айрықша қасиеттері көрінеді.

Зынданда жатқан Алпамысқа Қаракөзайымдай Тайшықтың қызы ғашық болады. Қойшы Кейқуаттың сырнай тартар өнері аркылы, Қаракөзайымның көмегімен, сырнай тартар өнері арқылы бостандыққа шығады.

Туған еліне келген Алпамыс қорлықта жүрген ата - анасын, қарындасын көріп егіледі. Осыдан оның адамдық қасиеті, нәзік жүрегі көрінеді.
Жары. Тұлпары. Алпамысты шын сүйетін, атастырған ата салтын қадірлейтін жан — Гүлбаршын. Ол Қарамандай батыр келіп әкетем дегенде көнбейді. Ұлтандай құл алам дегенде бармайды. өйткені ол — адамдықтың символы. Бар өмірін жарына арнаған адал жолдас екенін танытады.
Шұбар жай ат емес, ол мыстанның арам екенін біліп мінгізбейді. Тайшық хан қанша қинаса да, Байшұбар ешкімді жанына жолатпайды. Байшұбар — Алпамыстай ерге лайық ат.

Қараман — Алпамыстың майданда жолықтырған, жауды ерлікпен жеңіп, достығын мойындатқан батыр. Қараман ерлікті ғана бағалайтын, Алпамыс үшін мұсылман дініне кірген, сол жолда баласы мен тұлпарын құрбандыққа шалып, достыққа адалдығын танытқан ер екенін көрсетеді.
Жырдағы Кейқуат қарапайым қойшы бола түра Алпамыстың ер екенін танып, көмектесіп кейін хан орнына хан болады.

Қаракөзайым — Алпамысқа ғашық болған, Тайшық ханның жаулықтан махаббатты биік қойған, сол жолда бәрін құрбан еткен сұлу қыз.
Ұлтан — бұған дейінгі жырларда кездеспеген ерекше бейне. Ол — бар зұлымдығын жауға емес, өз туғанына жүмсаған, асырап алған әкесі Байбөріге Алпамыс жоқта түйе бақтырып, Құлтайды қойға жұмсап, Алпамыстың баласы Жәдігерді аяқ - қолын кісендеп қозы бақтырып, Аналықты күң етіп, Гүлбаршынды алмақшы болған жат бауыр жан. Ол — іштен шыққан жау.

Мыстан — жаман қасиеттерді бойына жинаған, ел жиіркенер бейне. Қабағы тырысқан, көрінгенмен ұрысқан, тізесіне шекпені жетпеген, басынан жаманшылық кетпеген, бір ширек бойы бар, адам таппас ойы бар — деп жырлаушы оны жек көре, ұнатпай суреттейді.
Залым мыстан Алпамысты күшпен емес, аярлықпен тәтті сөйлеп, алдап қолға түсіреді. Бірақ бәрібір соңында ит өліммен өледі.

Үйге тапсырма:
"Туады ерлер ел үшін" тақырыбына ой - толғау жазу. Оқушылар білімін бағалау.


Скачать


zharar.kz