Сабақтың тақырыбы: Обал мен сауап
Мақсаты:
- обал мен сауап туралы түсінік беру;
- халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру;
- мейрімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, үнтаспа, сюжетті суреттер, оқулық, дәптер.
Тыныштық сәті. Сабақта көңілді орта құру мақсатында шаттық шеңбері аясында музыка әуенімен қысқы кешке саяхатқа шығады.
Күн түс ауа бере күрт өзгеріп, аспанда қара бұлт басып, лезде жапалақтап қар жауа бастады. Терезеден сыртқа қарап отырған мен далаға жүгіріп шықтым. Жапалақтап жауып жатқан қарға екі алақанымды созып тұрдым. Жапалақтаған қарлар менің қолыма келіп қона бастады. Менің бойымда қуаныш, шаттыққа толы сезім пайда болды. Екі алақаным аппақ ұлпа қарға толы үйге ендім. Көзімізді жайлап ашып, алақанымызға қараймыз. Алақанымызда қар бар ма?
Оқушылар жауабы тыңдалады.
Оқушылар қар неге еріп кетті деп ойлайсыңдар? Оқушылар пікірі тыңдалады.
Дұрыс айтасыңдар балалар біздің алақанымызда жылу бар, ол жай жылу емес бір - бірімізге жақсылық, мейірім, қуаныш сыйлайды. Олай болса бір - біріміздің көңілімізді көтеру үшін қолымыздан ұстап бір - бірімізге жылу арқылы жақсы көңіл күй сыйлайық.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Осы кезде экраннан күлімдеп күн бейнесі шығады. Ал балалар біздер бір - бірімізге қандай іс істедік – деп ойлайсыңдар
Оқушылар жауабы тыңдалады. Оқушылар жауабы айтылып жатқан кезде тақтаға Обал мен сауап тақырыбы жазылып шығады.
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Обал мен сауап
Жетекші сұрақ: Балалар сендер көп жағдайда үлкендерден обал болады, сауап іс – істедің деп естіп жатасыңдар осы сөздің мағынасын түсінесіңдер ма?
- Обал дегенді қалай түсінесіңдер?
- Обал болады, сауап болады деген сөздер қандай жағдайларда айтылады?
- Обал мен сауаптың айырмашылығын қалай ажыратуға болады?
Оқушылар жауабы: Мұғалім оқушылар сұрақтарын толықтырады.
Балалар: Обал мен сауап мағынасы жағынан бір - бірінен ұқсас ұғымдар. Обал жақсы нәрсенің қадірін біл, болмаса түбінде оның зардабын тартасың деген мағынаны білдіреді екен. Сауап деген - адамға жақсылық жасау, табиғатқа қамқорлық көрсету, жақсы іс істеу деген мағынаны білдіреді.
Мысалы: Мына өздеріңіз отырған парта әдемі ма, таза ма? Ал мына күнделікті сабақта пайдаланып жүрген оқулығыңды жыртып лас ұстадың, келесі жылы пайдалануға келмей қалады, өздеріңнің іні, сіңлілерің алғысы келмей ренжиді, жаз айларында қораға салған құстың ұясын бұзып тастаймыз, біз қандай іс әрекет жасадық. Мінекей балалар партаны сызып, кітапты жыртып ұстағандарымыз, құстың ұясын бұзғанымыз обал іске жатады екен. Парта, кітап еңбекпен жасалып келді, біз
білмегендіктен обал іс істедік. Алдағы уақытта бұндай жаман істерден аулақ болайық. Сауап іс дегеніміз жақсылық жасау дедік яғни далада бір кішкентай бала жылап тұр, сол баланы үйіне кіргізіп анасына табыс еттің сауап іске жатады. Аулада құстың ұясынан балапаны түсіп қалыпты, оны мысық жегелі жатыр еді сен барып көтеріп алып ұясына салдың. Сен сауап іс істедің. Алдағы уақытта обал мен сауаптың айырмашылығын ажырата білетін болдық.
Мәтінмен жұмыс: жетекші сұрақ қою арқылы мәтінмен салыстыра отырып мәтін талқыланады.
1 слайд. Балалардың балық аулауға бара жатқаны.
Жетекші сұрақ: балалар қалай ойлайсыңдар, қармаққа балық қанша түсті деп ойлайсыңдар?
Мәтінде қалай екен деп салыстыру арқылы сұрақ толықтырылады.
2 слайд: Балалардың сорпа пісіріп жатқаны.
Жетекші сұрақ: Асантайдың іс – әрекеті.
3 слайд. Тамақ ішіп болып жатқаны.
Жетекші сұрақ: Сен балалар орнында болсаң ше?
Балалар обал сауапқа байланысты қандай істерді байқадыңдар?
- Нан дастарханға қандай еңбекпен келеді?
- Нанды жерге тастау дұрыс па?
Жалғасын тап әдісі бойынша оқушыларға ой тастау
Бір күні ауа – райы салқын, әрі дымқыл еді, себебі далада жауын жауып тұрған. Мархаба үйіне келе жатты. Оның тоңғаны соншалық үйге тез жетіп, жылы жерде болғысы келді. Ол анасының дәмді тамағын жесем деп армандап келе жатты, кенет бір жалынышты бір дыбыс естілді. Тыңдамай кетіп қалғысы келіп еді. Бірақ тоқтап тыңдады. Қараса жауын астында тоңып отырған мысықты көріп оны аяп кетті.
Сұрақ: балар қалай ойлайсыңдар, Мархаба мысыққа келеді ма?
Оқушылар жауабы:
Мәтін бойынша: Ол мысықты алып, қойнына қысты.
Ситуациялық жағдай: Мархабаның қойнына тығылған мысықтың іс - әрекеті, егер сен мысық тауып алсаң не істер едің?
Мәтін бойынша: Ал мысық болса Мархабаның жылы алақанынан жалап, көңілді бейнемен Мархабаға қарады.
Сұрақ: Мысық Мархабаға қарағанда – не айтты деп ойлайсыңдар?
Мархаба қандай бала?
Ол қандай іс істеді?
Сергіту сәті:
Торғайларды атпаймыз,
Ұяларды бұзбаймыз.
Тентек бала болмаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз.
Дәйексөз:
Обалды біліп өссең - сауапқа кенелесің
Тапсырма беріледі: Ортасынан сынған тал, жыртық кітап. Екі топ тал мен кітапты емдеу керек, ал үшінші топ екі топтың қандай іс - әрекет жасағанын анықтап, баяндап беруі тиіс.
Тапсырма арқылы дәйексөз қорытындыланады.
Дәптермен жұмыс.
Сурет бойынша әңгіме құрастырылып жазылады.
Балалар бізге Нұрлы күніміз тапсырма беріп жатыр.
Ұйқасын тап әдісі бойынша сабақ бекітіледі.
Құстың......... бұзба,
Үлкеннің алдынан..............
................... төкпе,
Адасқанға........ сілте,
................ теппе.
Экран арқылы Нұрлы күн тапсырмасын тексеруге болады
Тыныштық сәті
Нұрлы күн аясында бақытқа бөленген мен жақсылық жасауға ұмтылуды үйрендім. Менің бойымда үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау, мейірімге бөлену табиғатты аялау қасиеттері қалыптасты. Себебі мен Қазақстанның нағыз ұлтжанды азаматымын. Мен елімнің мақтанышы болам. Мен жақсылық нұрын құямын.
Л. Хейдің Ризашылық әнінің музыкасы жіберіледі
Мінекей балалар сендер осындай бала болып өсіп келе жатырсыңдар Балалар әрқашан қайрымды, мейрімді, үлкенді сыйлауға әуес болыңдар. Сендердің бойларыңда бүгінгі сабақ арқылы осындай қасиет қалыптасты деген ниеттемін. Олай болса бүгінгі сабақтан ескерткіш ретінде мен сіздерге Мейірім гүлін ұсынамын.
Үйге тапсырма Обал мен сауап тақырыбында Ұйқасын тап әдісі бойынша мақал - мәтел дайындап келу.