Бетін шанышқымен тесіп қойған дұрыс

Скачать

Қамырына
Ұн – 300 гр
Қаймақ – 200 гр
Сары май – 100 гр
Жұмыртқа – 1 бас
Көпсіткіш (разрыхлитель) – 2 шай қасық
Тұз - 1 шай қасық

Қамыр ішіне салуға
Тартылған ет (фарш) – 400 гр
Картоп – 1 бас
Пияз – 2 бас
Тұз – қалауыңызша
Қара бұрыш – қалауыңызша
Жұмыртқа (бетіне жағу үшін) - 1 бас

Үлкен ыдысқа сары майды ерітіп салыңыз, қаймақ, жұмыртқа, тұз салып араластырыңыз. Оның үстіне ұнда електен өткізіп салып, көпсіткішті салып жұмсақтау қамыр илеңіз. Қамырды тоңазытқышқа салып қоя тұрыңыз.

Қамыр ішіне салатын салмасын дайындау үшін, етті еттартқыштан өткізіңіз, картопты тазалап жуып төртбұрышты етіп тураңыз, пиязды да төртбұрышты етіп майдалап тураңыз. Ет, картоп, пияз тұз, қара бұрыш барлығын араластырыңыз.

Тоңазытқыштан қамырды шығарып екіге бөліңіз. Бір бөлігін үлкендеу етіп бөліңіз. Қамырдың үлкен бөлігін алып, табаға сыятындай етіп жайып, ішіне салмасын тегістеп салыңыз, қамырдың екінші бөлігін жайып, алдындағы фарш салынған қамыр үстіне қойып шетін өріп бекітіп шығыңыз. Бетін шанышқымен тесіп қойған дұрыс. Жұмыртқаның сарысын бетіне жағыңыз. 180 градуста алдын ала қызып тұрған пеште 40 минуттай пісіріңіз.
Асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Жадыра


Скачать


zharar.kz