ҚатынасОқу іс - әрекеті

Скачать

Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту
Ұ. О. І. Ә - нің тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы.
Мамандықтың бәрі керек
Ұ. О. І. Ә – нің мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеуге сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешуге үйрету. Мамандық иелері туралы суреттер алынады.
Ұ. О. І. Ә - нің барысы:
Сәлемдесу.
- балалар, қазір мен сендерге сыйқырлы суреттер таратамын. Арт жағында 3 түрлі сурет бар. Күлкі - жымиямыз, жүрек - құшақтаймыз, алақан - амандасамыз. Балалар орындайды.
- Балалар бізге бүгін қонақтар келіпті амандасып алайық
Қуан шаттан, қуан шаттан
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы күн
Күліп шықты күн бүгін

Ұйымдастыру кезеңі
- балалар мен сендерге жұмбақтар жасырамын. Кәне шешеміз бе?
1. Астында жүйрігі,
қолында құрығы (жылқышы)
2. Қалықтайды, бірақ ұшпайды (биші)
3. Қолында қайшы тарағы, тәртіпке шашты салады (шаштараз)
4. Кірпіштен сарай салады (құрылысшы)
Барлық жұмбақты да өте жақсы шештіңдер ал олай болса бүгінгі Ұ. О. І. Ә - дің тақырыбы Мамандықтың бәрі жақсы. Мамандықтың бәрі керек . Әр мамандыққа тоқталамын.
Ол үшін мамандықтың түрлеріне айтатын тақпақтарымызды айтамыз. Мамандық түрлерімен танысамыз.

Мысалы: Ауруханаға бару, дәрігерге көрінеміз, дене қызуын өлшейміз, өкпемізді тексертеміз.
Ал, аспазшы мамандығына келетін болсақ, тағамды дәмді әрі сүйкімді пісіру аспазшы міндеті. Міне біз қанша мамандық түрлерімен таныстық. Осындай әр түрлі мамандықты тану үшін алдымен әдепті, тәрбиелі оқыған үлкен азамат болып өсуіміз керек. Ол үшін бәріне еңбек қажет.

Сергіту сәтін жасаймыз.
Қане балдар тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып
біз тынығып алайық
- Балалар кәне тынығып алсақ Кім тез? ойынын ойнап жіберейік

Мына жерде екі түрлі мамандық иелерінің қажет құралдары шашылып қалған кәне кім екеуінің құралдарын айырып жинап береді.(тапсырма орындалады) балалар өте жақсы меңгерген екенсіңдер. Жарайсыңдар! Олай болса мына суретке қарап әңгіме құра кәне, кім шығады?
Тышқанның тапсырмасы: бос себетті толтыр
Ұйымдастырылған оқу - іс әрекетін сұрақ - жауап арқылы бекітемін
Барлық тапсырма орындалғаннан кейін мысық рахмет айтады
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін қуанышты хабарлама арқылы таратамын


Скачать


zharar.kz